Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Осы ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында балалар ауылында Наурыз мейрамына орай тәрбиеленушілер арасында ұлттық ойындар бойынша жарыс өтті. Жарыс барысында баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін «Асық» және зияткерлік ойын, логикалық ойлауын дамытатын «Тоғызқұмалақ» ойыны, білек күшін жетілдіретін «Қол күрес» ойыны өткізілді.