Балалар ауылының биылғы түлегі тәрбиеленушіміз Илья Долинский мектепті мемлекеттік тілде аяқтады. Бірнеше мәрте халықаралық, республикалық, облыстық спорттық жарыстардың жүлдегері атанды. Балалар ауылының көшбасшысы, жоғары сынып оқушыларының төрағасы, «Болашақ» волонтерлік қозғалыстың бастамшысы болды. Біз Ильяның ПМПУ (дене тәрбиесі және спорт факультеті) грантын ұтып алғанына шексіз қуаныштымыз. Балалар ауылы атынан Ильяға жарқын болашақ тілейміз, қанатың ешқашан талмасын. Илья, біз сені мақтан тұтамыз!