"Жас дәурен" облыстық оқыту - сауықтыру орталығында "Туған күнде бәріміз" атты визитка қорғау кеші өтті. Балалар алдын - ала осы іс-шараға топ визиткасын, эмблемасын , топ атын, суретін қорғауға, "Жас дәуренді" туған күнімен құттықтауға құттықтау сөз дайындады. Іс -шара өте тартымды, көңілді өтті. Балалар белсенділікпен, жақсы көңілді күймен кешті өткізді. Соңынан би кеші болды. Балаларға жақсы демалыс тілейміз.