Жария етті admin | Күні 18-06-2013, 23:11
«Кенжекөл аулының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ бос орын «ана-тәрбиеші» қызметіне конкурс жариялайды:
Талаптар:
- 30 жастан асқан әйел  адам;
- отбасы жағдайы: тұрмысқа шықпаған,  жесір немесе күйеуінен ажырасқан;
- баласы жоқ;
- балаларға  кеңпейілді  және сүйіспеншілік көзқарас;
- бала тәрбиелеуде тәжірибесі бар;
- орта арнайы немесе жоғары педагогикалық білімі бар;
- білім беру немесе балаларға қамқорлық ету мекемелерінде тәжірибесі бар;
- дене және психикалық денсаулығы жақсы;
- балалар ауылында тұруға және ұзақ уақыт жұмыс істеуге дайын болу;
- жаңа білім алуға және дағдыларға үйренуге дайын болу.
 
Негізгі қызметтер:
- әлеуметтік ана болуға дайын болу;
- өзара қарым-қатынас құруға қабілетті болу;
- cезімталдық;
- отбасына қатысты сезімін тудыру;
- бала тәртібінде болатын қиындықтарды жеңе білу;
- балалар құқығын сақтауды жүзеге асыру;
- жеке бастың өсуі мен дамуы;
- маман ретінде өсу;
- кеңпейілді  коммуникативтік дағдылар.        
Міндеттер:
- сеніп тапсырылған балаларды тәрбиелеу,  оларға қамққорлық көрсету;
- отбасына басшылық ету;
- үй шаруашылығын жүргізу;
- балаларды өз бетімен әрекет етуге және жауапкершілікке тәрбиелеу;
- балаларды қабылдау үрдісіне қатысу;
Конкурсқа қатысу үшін өзіңіздің түйіндемеңізді мына факс бойынша (7182)639414 немесе мына электрондық мекенжайға: kenzhekol2009@ mail.ru жіберіңіз.