Жария етті admin | Күні 8-12-2014, 12:57

 

 

 

Ильясова Ельсиер Мухтаровна

Еңбекөтілі  - 7 жыл

Білімі   -  жоғары

Санаты–жоқ

 

Жария етті admin | Күні 17-03-2016, 16:05

Бірінші этаптың аяқталуы  Бірінші этаптың аяқталуы

17  наурызда «Шақылырған кешкі ас» жобасының бірінші этапы өтті. Қатысушыларды біздің жақын достарымыз бағалады  Кенжекөл орта мектебі Мукапов Асхат Смагулович және Морозова Ольга Николаевна, сонымен қатар ДМК «Сункар» Досымханов Марат Жаскайратович  және Кенжекөл ауылының балалар музыка мектебі Бокош Масура Бокошкызы.

Қатысушылар өз үстелдерін жасап, отбасымен бірге Наурыз мерекесіне арналған  концерт көрді. Үстелдерде тағамдардың безендірілгенінен бастап, майлықтардың безендірілгеніне дейін шығармашыл болды. Залда балалардың қуанышы жүздерінен байқалып тұрды.

Әділ қазы алқаларының өзара әңгімесінен кейін Динара Жоломановна жеңімпазды атады, ол «Болашақ» отбасынан балапанов Дамир болды, 1 ұпай төмен алған «Шығармашылық үйі» Чупин Алексей, одан кейін «Нұр» отбасынан Бубеков Виктор және  Марущак Александр «Балауса» отбасынан. 2-3 ұпай төмен алған  Петрова Оксана «Балдаурен» отбасынан, Долинский Евгений «Бота» отбасынан , Шнейгербергер Вадим «Бакыт» отбасынан, Слюсарь Лиза «Шапагат» отбасынан. Аз ұпай алған   Бекирова Ангелина  «Айголек»  отбасынан  Баранчуков Игорь  «Толкын» отбасынан. Бірақ бұл ренжуге себеп емес, қатысушыларды алда тағы 2 этап күтіп тұр.

 

 

Жария етті admin | Күні 16-03-2016, 14:39

«Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

16 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары «Арай» супермаркетіндегі тауарлар бағасын көргеннен соң  «Small» супермаркетіне және «Greenwich»гипермаркетіне мерекелік түскі асқа арналған үстелге сауда жасауға барды.  

Басты мақсат мерекелік түскі асқа керек тағамдарды 8.000 теңгеге алу.  Балалар қуана алғашқы саудаларын жасады, тауардың сапасы, не алу керек, түскі асты қалай дайындау керектігін өзара ақылдасты.

Сауда жасалды және алда маңызды қадам – мерекелік тағамды жасау. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

 

Жария етті admin | Күні 15-03-2016, 10:31

«Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы! «Шақырылған кешкі ас» жобасының басталуы!

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан» барлығына сәлем! Бізде сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Біз Астана қаласында Халықаралық қарқорлық жасау комитетінен «Шақырылған кешкі ас» жобасына грант ұтып алдық. Мақсаты тәрбиеленушілердің өз қажеттіліктерін сатып алуды жоспарлай алуын, өздеріне азық-түлікті дұрыс таңдай алуын дамыту арқылы әлеуметтік бейімдеу болып табылатын біздің жобамыз дәстүрлі түрде 15 наурыз 2016 жылы басталды.

«Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары: «Нұр» отбасынан Бубеков Виктор, «Балауса» отбасынан Марущак Александр, «Балдаурен» отбасынан Петрова Оксана, «Бота» отбасынан Долинский Евгений, «Болашақ» отбасынан Балапанов Дамир, «Бақыт» отбасынан Шнейгербергер Вадим, «Шапағат» отбасынан Слюсарь Лиза, «Айголек» отбасынан Бекирова Ангелина, «Толқын» отбасынан Баранчуков Игорь, «Шығармашылық үй» Чупин Алексей.

15 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының қатысушылары «Арай» супермаркетінде азық-түліктердің бағаларын көру үшін барды. Балаларды ертіп психолог Карабаева А.А. және ПМПИ университетінен іс-тәжірибеден өтушілер көмектесті. Олар азық-түлікті мәзірге сай алуға және бағаларын жүйелеуге көмектесті.

Наурыз мерекесінің жақындауына орай әр қатысушыға 8000 теңгеге түскі ас әзірлеу керек деген тапсырма болды. Мерекелік түскі асқтың мәзіріне міндетті түрде ыстық тамақ, 2 салат, өздері жасаған  торт, бауырсақ болуы керек. Тек дәмдері ғана емес, сонымен қатар эстетикалық безендіруі мен ұсынылуына да назар аударылып есепке алынады.

 

 

 

 

Жария етті admin | Күні 20-05-2015, 16:55

«Менің жеке кәсіби жоспарларым» психологиялық тренинг «Менің жеке кәсіби жоспарларым» психологиялық тренинг

20 мамырда психологтың кабинетінде 9-11-сынып түлектерімен «Менің жеке кәсіби жоспарларым» психологиялық тренинг өтті. Тренинг қызықты өтті, балалар белсенді қатысты, әрқайсысы өз өмірлік жоспарын құрды: отбасылық, кәсіби, бос уақыты т.б. Балалар сабақ соңында алған әсерлерімен бөлісті: осындай жоспарлар әрқайсысының өмірінде маңызды орын алатындығын және мамандық таңдау әр адамның өмірінде ең қиын да жауапты қадам екендігін атап өтті.     

Жария етті admin | Күні 1-04-2015, 13:27

«Психологиялық КТК»   «Психологиялық КТК»

    2015 жылғы 1 сәуірде Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 6-11-сынып тәрбиеленушілері арасында психологиялық КТК өтті.

     Балалар үш топқа бөлінді: әр түрлі жастағы және әр отбасынан. Жүргізуші К.О.Литвиненко балаларды психология ғылымымен таныстырды.Тапсырмалар ұжымды біріктіруге бағытталды. Қатысушылар өз командасын, ұранын таңдап алды. «Жаңылдыру» ойынын ойнады: берілген сөздерден өлең жолдарын құрастырды. Сонымен қатар, көрермендермен де жұмыстар жүргізілді: «Түс және мінез» тестін өткізді, әрқайсысы өзі туралы қызықты мағлұмат алды. 

Жария етті admin | Күні 13-03-2015, 00:08

Проект "Здоровый коллектив"

Тәрбиешілердің ӘБ отырысында психолог К.О.Литвиненко «Тұлғалық өсу» әдістемесі (Д.В.Григорьев, И.В.Кулешова, П.В.Степанованың әдістемесі) бойынша диагностика қорытындыларымен таныстырды. Аталмыш әдістеме 13 көрсеткіш бойынша әр тәрбиеленуші мен отбасының тәрбиелену деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Балалар ауылында тәрбиелену деңгейі жалпы алғанда жағдаятты-жағымды.«Отбасына қарым-қатынасы», «Туған еліне қарым-қатынасы», «Еңбекке қарым-қатынасы», «Білімге қарым-қатынасы», «Өзіне қарым-қатынасы», ««Мен» рухани қарым-қатынасы», «Басқа адамға қарым-қатынасы» көрсеткіштері бойынша нық-жағымды деңгей анықталды. Балалар ауылында нық – жағымсыз көрсеткіштің жоқ екендігін атап өтуге болады.