Жария етті admin | Күні 9-02-2015, 02:42

 

Кенжекөл ауылының балалар ауылында «СемьЯ» тәрбиелеу моделін жетілдіру шеңберінде әлеуметтік серіктестіктермен біріге тәрбиелеу жобалары табысты енгізіліп жүзеге асырылуда.

  • «Таңдаулы оқушы» жобасы.  Жыл сайын маусым айында оқу үлгерімі бойынша жоғары рейтинг ұпайы бар оқушылар Астана немесе Алматы қалаларына жолдамамен марапатталады.
  • «Таңдаулы тәрбиеленуші» жобасы. Желтоқсан айында конкурс жеңімпаздары атанған әр түрлі жастағы 10 бала брендтік киім сатып алуға сертификаттармен марапатталады.
  • «Бизнес отбасы» жобасы. Тәрбиеленушілерде қаржылық сауаттылықты қалыптастырады, яғни, өз еңбегімен, ақылымен отбасы үшін тауарлар, тұрмысқа қажетті заттар сатып алуға мүмкіндік береді.  
  • «Мен-азамат» жобасы. Балалардың өзін-өзі басқаруды дамыту жобасы. Бұл жобаның қорытындысы – балалар ауылында жоғары сынып оқышыларының кеңесі құрылды, бірінші әкім – Ваня Бондарев және бас мамандар.
  • «Дені сау отбасы» жобасы. Тәрбиеленушілерде салауатты өмір салты  мен дене тәрбиесі және спортқа деген қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
  • «Шақырылған кешкі ас» жобасы. Болашақ түлектерге алғаш рет өз беттерінше дүкеннен азық-түлік сатып алуға, ал ең бастысы, үнемдей отыра бүкіл отбасына кешкі ас дайындауға мүмкіндік береді.
  • «Зияткер отбасы» жобасы.  Балалар ауылы бойынша оқу үлгерімі бойынша жоғары  рейтинг ұпайы бар отбасы жеңімпаз атанады.