Жария етті admin | Күні 13-01-2015, 16:07

 

Асыранды  баламен алғашқы кездескен кезге ұсынымдар.

  Сіз өз отбасыңызға ұл немесе қыз алуды шештіңіз. Баланың суреттерін қарап, мамандармен сөйлестіңіз. Осы бала кенін жүрегіңіз сезеді. Әңгімені қалай бастау керек? Бұл үлкендер үшін проблема.

  Алғашқы кездесу кезінде бала өзін әртүрлі ұстауы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала қарым-қатынасқа тез түседі, кездесуді асыға күтеді. Кіші мектеп жасына дейінгі бала үлкендердің жасаған ұсыныстарын тез қабылдайды. Жасөспірімдер сақ, кей кезде агрессиялы ұстайды.

 

 

Асыранды  баламен алғашқы кездескен кезге ұсынымдар.

 

 

Болашақ ата-аналарға келесі кеңестер көмектесуі мүмкін:

 

-         Тым ашық киім киюге, әйел адамға ашық макияж жасауға болмайды;

-         Баламен кездесер алдында темекі тарту керек емес;

-         Баланы атымен атаңыз;

-         Жайлы, нық дауыспен баланың жасын, немен шұғылданғанды ұнататындығын т.б. сұраңыз;

-         Баламен «жоғарыдан төмен» сөйлеспеңіз, орындыққа немесе тізерлеп отырыңыз;

-         Көп сұрақ қоймаңыз, өзіңіз немесе өз отбасыңыз туралы айтып беріңіз;

-         Баланы мұқият тыңдаңыз;

-         Баланы бірден қолға алып, құшақтап, сүюге асықпаңыз;

-         Жанына отырып, қолынан ұстап, ойнатыңыз, бұл мейірімділікке жұмылдырады.

-         Егер бала қолдан қашатын болса, оған бөгет жасамаңыз.

-         1,5-3 жастағы баланы тым жоғары көтеруге болмайды, олар бұл әрекеттен қорқады.

-         Қарапайым түрде сөйлесіңіз.

-         Жұмсақ ойыншық, көрпеше, шыны-аяқ әкелуіңізге болады, балаға бұл зат сізді есіне түсіруге көмектеседі.  

 

Асыранды  баламен алғашқы кездескен кезге ұсынымдар.

 

 

 

Бала үйге бірінші рет келген кезде келесі ұсынымдар қажет болады:

 

-         Алғашқы уақытта үнемі баланың жанында болыңыз, жалғыз өзін қалдырмаңыз;

-         Балаға асықпай үйді, үй жануарларды көрсетіңіз;

-         Үйдегі жағымсыз дыбыстар мен иістерді жойыңыз;

-         Қымбат заттарды қол жетпейтін жерге қойыңыз;

-         Күйзеліс деңгейін төмендету үшін бала үйге кірмес бұрын тәтті беріңіз, жұмсақ ойыншық дайындап қойыңыз;

-         Бірден баланың мекемеде үйренген күн тәртібін бұзбаңыз;

-         Бала кейбір азық-түлікті жегісі келмесе, күштемеңіз;

-         Егер де балаға бір тамақ ұнаса, көп мөлшерде бермеңіз;

-         Балаға көп жаңа ойыншық бермеңіз, үйренбеген ойыншықтардан қорқуы мүмкін, мекемеде өзі ойнаған ойыншықты сұрап алыңыз;

-         Балаға тапсырма берер алдында сұраңыз, немен айналысқысы келетінін;

-         Қызығушылық жүктемені беруге асықпаңыз, алдымен бала үйде қорғаулы екендігін сезінсін;

-         Баланы көруге үйге туған-туыстар мен дос-жарандарды көп шақырмаңыз, көруге үлгереді;