Олардың есімдері ешқашан да ұмытылмайды.

Көру: 699

1941 жылдың маусым айында кенеттен тиыш жатқан елімізге бірінші болып, Германия соғыс ашты. Бұл Ұлы Отан соғысы болатын. Елдегі жарамды азаматтардың бәрі соғысқа аттанды.     Қалған тек балалар мен қарттар ғана болды. Тіпті өз-еріктерімен соғысқа сұранып барған қазақтың қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова болатын.Ол қыздарға сол кезде не- бары он алты-он сегіз жас. Олардың бірі пулеметші болса, екіншісі снайпер болды. Олар көптеген неміс солдаттарын атып түсіріп, қазақтың батыр жауынгер қыздары атанды. Ауыл-ауылдан тамақ, жылы киімдер фронтқа жіберіліп отырды. Жауынгерлер қасық қандары қалғанша соғысты. Ұшқыш Талғат Бегальдинов аспанда бірнеше неміс ұшқыштарын атып түсіріп Кеңес Одағының батыр атағын екі рет алды. Бауыржан Момышұлы Дивизияның командирі өз жауынгерлерімен неміс шебін бұзып,бірнеше рет талқандады.Берлинді алғанда, бірінші болып, Рейхстагқа ту тіккен қазақтың жауынгері Рақымжан Қошқарбаев болды. Осындай батыр жауынгерлеріміздің арқасында еліміз жеңіске жетті. Әрине соғыс елімізге көп зардап әкелді.Қанша халқымыздан айрылдық,қанша ғимараттарымыз күл-талқан болды. Дегенмен осындай ер жүрек ағаларымыз беріспегендіктен жеңіске жетті. Біз болашақ жастар осындай ағаларымызға қарап өсудеміз. Оларды мақтан етеміз. Олардың аттарын ешқашан да ұмытпаймыз және әрқашанда еске аламыз.

   Елімізде енді ешқашан соғыс болмайтынына сенеміз.    

   Еліміздің тиыштығын қалаймыз. 

Ұқсас жаңалықтар