Жария етті admin | Күні 20-01-2015, 10:33

«Жеңістің 70 жылдығына»

 «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің

70 жылдығын атап өтуге дайындық

бойынша шаралар жоспары.

Pobeda.doc [54,5 Kb] (cкачиваний: 29)

 

 

 

Жария етті admin | Күні 9-05-2015, 17:17

«Мен Жеңісті бейнелеймін» сурет конкурсы «Мен Жеңісті бейнелеймін» сурет конкурсы

9 мамырда балалар ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Мен Жеңісті бейнелеймін» атты асфальтта сурет конкурсы өтті. Әр отбасынан 10-14 жас аралығында 2 тәрбиеленуші қатысты. Суреттер өте әдемі және қызықты болды. Балалардың салған суреттері барлығының көңілінен шықты. 

Жария етті admin | Күні 7-05-2015, 17:25

     2015 ж 7 мамырда отбасылар Б.Жырау ат. музейіне барды. Музей қызметкерлері қонақжайлылықпен қарсы алды. Экскурсия жетекшісі Ұлы Отан соғысының батырлары, ауған әскерилері, тыл еңбеккері И.В.Шаповалова туралы әңгімеледі. «Біздің Қазақстан» фильмін көрді, гитарамен әндер шырқалды, балалар мәнерлеп тақпақтар айтты. Барлығы соңында суретке түсіп, «Жеңіс күні» әні шырқады. 

 

Жария етті admin | Күні 4-05-2015, 17:24

     2015 ж 4 мамырда балалар ауылының 10 тәрбиеленушісі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Әскери даңқ музейіне барды. Барлығына әскери киімдер берілді. Ленбақта соғыс ардагерлері, әскери ауған достармен кездесу болды. Үлкен автобусқа отырып, барлық ескерткіш орындарға, мәңгілік алауға барды. Соғыста құрбан болғандарды еске ала отыра, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Әскери даңқ музейінде мерекелік дастархан басында әндер шырқалып, соғыс ардагерлерінің әңгімелері тыңдалды. Ардагерлерге айтқан әңгімелері үшін айтар алғысымыз шексіз.

 

Жария етті admin | Күні 24-04-2015, 15:37

   «Жеңіске 70 жыл» мерекелік концерт «Жеңіске 70 жыл» мерекелік концерт

    2015 жылғы 24 сәуірде балалар ауылының тәрбиеленушілері әскери ауған достарын қарсы алды. Балалар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама дайындады. Әскери-патриоттық тақырыпта «Три танкиста», «Егемен Қазақстан» әндерін орындап, соғыс жылдарының «Старый клен», «Огонек» билерін биледі.  Ересек би тобының қыздары «Тот день, в котором не было войны»театралдық-хореографиялық қойылымын көрсетті. Қонақтарға қолдан жасалған сыйлықтар беріліп, келе жатқан мерекемен құттықтады. Концерт «Мир без войны» әнімен аяқталды. Соңында қонақтармен бірге «Әскери-ауғандықтар аллеясына» 165 қайың отырғызды. Келесі аллея түлектерге арналды, олар 15 қарағай отырғызды.  

Жария етті admin | Күні 8-04-2015, 17:21

Қарттар үйіндегі концерт Қарттар үйіндегі концерт 

   Бүгін қарттар үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концерт болды. Концерт балалар ауылы тәрбиеленушілерінің күшімен ұйымдастырылды. Қарттар жас әртістердің әндері мен билерін қошеметпен қарсы алды. Біздің ең кішкентай әртісіміз Камиль Ленчин «Звездочка» тақпағын айтқан кезде көпшілігінің көзіне жас үйірілді. Концерт соңында балалар өздері дайындап әкелген тәттілерді ұсынды. Барлық тәтті торттарды тәрбиеленушілер өз ана-тәрбиешілерімен бірге пісірді. Қарттар үйінің әкімшілігі концерт үшін алғыс білдіріп, тағы да қонаққа шақырды.  

Жария етті admin | Күні 3-04-2015, 20:36

   «Олар Отан үшін соғысты» электрондық тұсаукесер конкурсы ину»

3 сәуірде акт залында үлкендер мен балалар жиналды. Кенжекөл ауылының отбасылық үлгісіндегі балалар ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған жоспарланған шара «Олар Отан үшін соғысты» тақырыбы бойынша электрондық тұсаукесер конкурсы өтті. Тәрбиеленушілер экраннан біздің жерлес батырларымызды көріп, олардың жасаған ерліктерімен, олардың атына қойылған көше атауларымен танысты. Конкурс соңында құзырлы әділқазылар алқасы өз қорытындысын шығарды:

1 - орын «Толқын» отбасы, 2 - орын «Бота» отбасы, 3 - орын «Бақыт» отбасы, «Нұр» отбасы.   

Жария етті admin | Күні 18-03-2015, 14:07

Библиотечный час «Живет в народе память о героях» Библиотечный час «Живет в народе память о героях»

18 наурызда Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі блалар ауылында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Батырлар туралы халық есінде» кітапханалық сағат өтті. Аталмыш шара балаларды  рухани тәрбиелеуге бағытталған, мақсаты: ҰОС қазақстандық батыр қыздармен таныстыру.

Кітапханалық сағатты логопед Н.В.Хромина дайындап өткізді, тәрбиеленушілер Саша Галицкая, Таня Роот, Жанна Лукина көмектесті. ҰОС қазақстандық батырлар туралы видеофильм, слайдтар, «Мәншүк әндері», «Снайперлер» фильмдерінен үзінділер көрсетілді.

Қыздар  Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және  Хиуаз Доспановаға арналған тақпақтар айтты. Бұл шараға қатысушылардың бәрі жүргізушілерді мұқият тыңдап, слайдтарды көрді. Балаларға дайындалған тұсаукесерді көруге қызықты болды, көбі ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы алғаш рет білді. Жеңістің 70 жылдығына арналған кездесу соңғы емес, әлі жалғасын табады.   

Жария етті admin | Күні 16-03-2015, 22:12

Облыс білім беру басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығы 2015 жылғы 1 ақпан мен 13 наурыз аралығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ерлік, даңқ, батылдық туралы» білім беру ұйымдары сайтының үздік бөлімі облыстық конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеуге оқушылардың, педагогтар мен қоғамның назарын аударту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы патриоттық тәрбие жүйесінің дамуына әсер ететін ізденушілік-зерттеушілік қызметті жетілдіру.

Конкурсқа Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының және Железинка, Ертіс, Май, Шарбақты аудандарының білім беру ұйымдары қатысты. Барлығы 25 өтінім қабылданды. 

Біздің сайттың «Жеңістің 70 жылдығына» бөлімі бұл конкурста мақтау қағазымен марапатталғанына қуаныштымыз!

Құттықтаймыз!

 

 

 

Жария етті admin | Күні 10-03-2015, 10:11

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» мәнерлеп оқу конкурсы   Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» мәнерлеп оқу конкурсы

Балалар ауылында Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты мәнерлеп оқу конкурсы өтті. Конкурсқа 1-6 сынып тәрбиеленушілері қатысты. Балалар осы оқиғаға жауапкершілікпен дайындалды.

Конкурс жүргізушілері Наташа Ракша мен Лена Бекирова конкурстың басталғанын жариялап, батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Әділқазылар алқасын Динара Жоломанқызы, Бақыт Аспандиярқызы, Күміс Қайратқызы құрады.

Илья Долинский, Сергей Путиков, Нұрқанат Бүркітов пен ең кішкентай қатысушы Камиль Ленчиннің мәнерлеп оқулары барлығының ойынан шықты. «Толқын» және «Бота» отбасын ерекше атап өтуге болады, себебі, отбасы мүшелері толық қатысты. Конкурстың ережесі бойынша балалар 100% қатысуы тиіс. Конкурс қорытындысы: бас жүлде – Илья Долинский, 1-орын Камила Жакипова мен Нұрқанат Бүркітов, 2-орын Сергей Путиков пен Лена Степанова, 3-орын Вова Абрамов пен Наташа Ракша, Света Чупина. 

Предыдущая страница Следующая страница
1 2 3
Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.