Жария етті admin | Күні 7-01-2017, 11:55

Таза ауада қысқы ойындар Таза ауада қысқы ойындар

Қысқы демалыстың соңғы сенбісінде, 7 қаңтар күні Кенжекөл ауылының барлық тәрбиеленушілеріне қысқы ойындар таза ауада өткізілді.

Балалар ауылының тұрғындары таңнан бері спорт киімдерін киіп, жарысқа қатысуға жиналды. Сонымен қатар, ауа райы да ретімен күн шуағын төгіп тұрды.

Қарсыласу бала табиғатының тұтастығы, ал жеңісіне қуану – баланың ең маңызды қажеті болып табылады. Мереке ашық-жарқын және қызықты өтті. Әр түрлі бағдарламалар: қарды мақсатқа қарай ату, арқан тарту, аққала жасау, шана мен лыжада сырғанау эстафеталары мерекенің мәнін кіргізді.

Кішкентайдан үлкендерге дейін жеңіске деген ұмтылысымен белсене қатысты. Қардан әдемі мүсіндер жасау суретке түсу үшін ғана емес, сонымен қатар балалар ауылының үйлер маңына да әсемдік сыйлады.

Арқан тарту бойынша балалар ынталы ойнады. Ұлдар мен қыздар күле жүріп күш бірлікте екенін дәлелдегісі келді. Тіпті, сүйікті тәрбиешілері де жеңіске ұмтылып, көмек қолын созып жатты.

         Мереке барлығына ұнады және осы қарлы қыс көптеген тосын сыйлар мен шабыт сыйлады!

Жария етті admin | Күні 6-01-2017, 11:51

Рождестволық кештер Рождестволық кештер

Қысқы демалыстың соңғы жұмасында рождестволық кеш ойын сауық шарасы өтті. Балалар үлкен ынтамен жаңа жылдық әндерді орындап эстафета-ойындар ойнады: «Әтеш жинау», «Жұмыртқа жеткізу», «Шар болжау» және «Сиқырланған ән орында». Залда жағымды көңіл-күй орын алды. Үлкендер мен балалар қуаныштары мен таңданыстарын, қатысушылар үшін уайымдарын жасыра алмады. Шараның ауасы жүрек пен мейірімділік шашып тұрды.

      Мереке аяғында орта және кіші жас балалары мыстан кемпірмен бірге шырша биін өткізіп, жаңа жылдық шыршамен қоштасты.

Жария етті admin | Күні 5-01-2017, 11:49

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында қысқы демалыс кезінде «Жаңа жылдық таңғажайып» атты сайыс өтті. Сайысқа 4-7 сынып аралығындағы балалар қатысты.

Балалар екі топқа бөлініп, топтың атауы мен капитанын сайлады. Қысқы сайыстық ойындар өтті: «Қысқы кәртішке жина», «Қар», «Шыршаны безендір», «Шыршалы дауыстар», «Жаңа жылдық орамдар», «Капитандар сайысы» және жұмбақ шешу жарыстары болды. Балалар барлық тапсырмаларды жақсы орындап аяғында екі команда да жеңіске жетті. Сайысқа қатысқандары үшін аздаған сыйлықтар мен добриктер алды.

 

 

Жария етті admin | Күні 4-01-2017, 12:20

Жаңа жылдық КВН

Балалар ауылында 04 қаңтар 2017 жылы 4-11 сыныптар аралығында көңіл көтеруге арналған шара «Шырша қасында жаңа жылдық КВН» болды. Ойын бағдарламасының мақсаты тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымға біріктіруді іске асыру болып табылды. Балалар екі топқа бөлініп оның басшысы мен атауын ойлап тапты. «Шыршалар» тобы ұйымшылдықтарымен көзге түссе, «Санта Лапусы» тобы табиғи жылдамдықтарымен ерекшеленді. Топтар жиынмен болды, қатысушылар әр отбасынан алынды, сондықтан баға берілгенде топтың жалпылай жетістігі ескерілді. Балалар дереу үйреніп кетті, жоғары дәрежелі ойын көрсетті. Осылай, «СантаЛапусы» тобы өз күштерімен жеңіске жетті. Балалар жаңа жылдық көңіл күймен қатар, мақтау қағазы, добриктар алды.

Жария етті admin | Күні 30-12-2016, 12:14

«Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым» «Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым»

30 желтоқсан күні жиын залына балалар ауылының тәрбиеленушілері жиналып «Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым» көрсетілімін қойды.

Балалар аталған қойылымға үлкен ынтамен дайындалды:  дайындықтан қалмады, өздері ойнайтын бейненің киімдерін ретке келтірді, рөлдерін жаттады, сахнада дайындалды. Ертегінің айтулы әртістерімен бірге би мен ән орындаушылары да дайындалды. Періште бейнесінде Бекирова Лена, «Зимняя сказка» әнін жоғары деңгейде орындады, оның «сиқыр таяғының» әр сермеуімен келесі жаңа жылдық нөмір орындалды.

Мерекеге әртүрлі қонақтар келді: мейірімді Кикиморалар ойындарымен, жарыстарымен көрермендерді таң-тамаша қылды, Жалмауыз Кемпір мен өлмейтін адам екеуі биімен таңқалдырды. Ал Аяз Ата мен Қарша қыз бір баланы да назардан тыс қалдырған жоқ. Үйге кіретін Кузя әрбір үйге мейірім мен табыс тіледі.

Өзінің әртістігімен және мәнерлі орындауымен барлық көрермендерді Ленчин Камиль – қойылымның ең кішкентай әртісі, келер жыл әтештің бейнесін көрсетіп баурап алды. Мерекенің аяғында кішкентай балалар жаңа жылдық тақпақтар орындап, әндер айтты.

Жария етті admin | Күні 29-12-2016, 12:11

«Жас қанаттан» жаңа жылдық құттықтау «Жас қанаттан» жаңа жылдық құттықтау

        Желтоқсан айының басында балалар ауылының әрбір тәрбиеленушісі аяз атаға өз тілектерін білдіріп хат жазған болатын. Сипатилова Салтанат пен «Жас қанат» ұйымының басшылығымен Павлодар қаласы тұрғындарының арасында әр тәрбиеленушінің арманын іске асыруға акция өткізілді. 29 желтоқсан күні безендірілген жаңа жылдық жиын залында әрбіреуі өз сыйлықтарын алды. Тәрбиеленушілер келген сыйлықтарға жауап ретінде көптеген тілектер мен тақпақтар айтып берді.  Біздің балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, қуаныш сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Жария етті admin | Күні 27-12-2016, 11:57

НЗМ жаңа жылдық құттықтау НЗМ жаңа жылдық құттықтау

        27 желтоқсан күні Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі балалар ауылының тәрбиеленушілерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап әр тәрбиеленушіге тәтті сыйлықтар мен ескерткіш сыйлады. Сонымен қатар жаңа жылдық сыйлықтар қатарынан «Балаға Экспо билетін сыйла» акциясы аясында Экспо 2017 көрмесіне 10 билет табылды сонымен қатар мектеп ұжымы дәстүрлі түрде Флекман Софияның жеке есепшотын толтырды. Біздің балаларға көңіл бөліп, армандарының орындалуына үлес қосқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Жария етті admin | Күні 26-12-2016, 10:38

«Павлодар аумағы бокс федерациясы» ҚБ шеберлік сабағы «Павлодар аумағы бокс федерациясы» ҚБ шеберлік сабағы

26 желтоқсан күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ерекше шара болды, балаларға қонаққа құрамында Қазақстан чемпионы Букаев Олжас бар «Павлодар аумағы бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінен боксшылар келді. Боксшылар балаларға шеберлік сабағын өткізді, сонымен қатар бокс туралы барлық сұрақтарға жауап берді. Шеберлік сабағы соңында жаңа жылдық мерекеге орай боксшылар балаларға сапалы футболкалар, тәттілер, сонымен қоса EXPO -  2017 көрмесіне 10 билет сыйға тартты.

 

 

Жария етті admin | Күні 23-12-2016, 11:31

EXPO – 2017 көрмесіне алғашқы билеттер EXPO – 2017 көрмесіне алғашқы билеттер

Жаңа жылдық мереке аясында 23 желтоқсан күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық құттықтауларымен Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі қонаққа келді.

Мерекелік қонаққа көптен күткен жаңа жылдық аяз ата мен қарша қыз да келді. Балалар тақпақтар айтып аяз атадан сыйлықтар – жұмсақ ойыншықтар, кітаптар, үстел үстілікойындарға арналған  құралдар алды. Бірақ ең басты сыйлық Астана қаласына Экспо 2017 көрмесіне 15 билет болды. Балалар сыйлыққа қатты қуанды, оларда енді бүкіл әлемдік көрмеге барып өз көздерімен көруге мүмкіндік пайда болды. Мерекенің аяғында балалар келген қонақтарға алғыстарын білдірді, оларға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын беріп, келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. 

Жария етті admin | Күні 15-12-2016, 11:27

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

         Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында мерекелік концерт болып өтті. Балалар  Отан, достық, патриоттық туралы әндер орындады. Өлең жолдары мен құттықтаулар үш тілде орындалды. Балалар ауылының басшысы Білім беру басқармасы, Павлодар облыстық ғылым және білім мамандандырылған қызметкерлер одағы және «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалынан келген алғыс хаттар мен мақтау қағаздарды тапсырды. Мерекенің басты сыйы – құттықтау – балалар ауылының кішкентай тәрбиеленушілерінен презентация.

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.