Жария етті admin | Күні 1-02-2018, 11:13

«Тілашар» дәстүрімен танысу «Тілашар» дәстүрімен танысу

1 ақпан күні «Бота» отбасы барлығын «Тілашар» дәстүрімен таныстырды. Балалар, бұл дәстүрдің мектеп өмірінің басталуын білдіреді. Жеті жасында балаларды бірінші сыныпқа береді, олардың өмірінде бұл маңызды және ұмытылмас оқиға. Бұрын, сабатың бірінші күні балаларды арнайы сәнді киіндіріп, оқу құралдарын сыйлап, кішігірім мереке өткізетін. Үлкендер өз балаларына ақыл айтып, «Ақын бол», «Оқымысты бол» деп  батасын беретін.

Бұһар Жырау мұражайы өкілі Тұрсын Мусаевнаның дәрісісіз өткен жоқ. Балалар ауылының тәрбиеленушілері «Тілашар» дәстүріне арнайы  кішігірім концерт жасап, қуантты. 

Жария етті admin | Күні 1-02-2018, 11:08

1 ақпан күні балалар ауылының кітапханасында «Мейрім төгетін ана» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өзін-өзін тану адамгершілік және рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева. Кітаптардың арасында: «Өмір әдебі», «Ұстаздан ұлағат», «Этика жизни», «Путь к себе».

Жария етті admin | Күні 28-01-2018, 10:58

«Балдаурендегі демалыс»

2018 жылдың 8 қаңтарынан 28 қаңтарға дейін біздің тәрбиеленушілер: Влада, Света және Влад  Республикалық  «Балдаурен» оқу сауықтыру орталығында демалып және оқып келді. Бағдарламаның мазмұны жарқын оқиғаларға толы болды. Ол күндегі ғажайыптар: көптеген әр түрлі жоспарлы және түрлі істер. Біздің балалар келесі іс-шараларда белсенді қатысты: «Жаңа жылға күлкі мен мейіріммен!». Халықаралық спорттық-интеллектуалдық ойын «Балдаурен»; туған күн иегеріне арналған  күн, «Менің Отаным-Қазақстан», шоу «Один в один» және басқа да іс-шаралар.

Жария етті admin | Күні 22-01-2018, 11:01

«Қазақстан ақындары» оқырмандар байқауы «Қазақстан ақындары» оқырмандар байқауы

22 қаңтар күні балалар ауылының  кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асыру шеңберінде «Қазақстан ақындары» атты үйлер арасында   оқырмандар байқауы өтті.  Бұл байқауда 9 тәрбиеленуші қатысты.  Балалар келесі ақындардың өлеңдерін жаттап, дайындап келді: Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, С.Торайғыров және тағы басқа Қазақстан ақындары. Орындар келесідей орналасты: Гран-при Чупина Светлана, 1 орын - Долинский Илья, 2 место  - Баширов Шамиль және 3 орын Грищенко Григорий. Барлық қатысушылар грамоталар мен естеліктермен марапатталды.

Жария етті admin | Күні 18-01-2018, 11:16

Кенжекөл ауылының балалар ауылындағы «Забота» акциясы

2018 жылдың 10 қаңтарынан -10 ақпанға дейін «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ «Забота» республикалық акциясы  басталды. Акцияның мақсаты: ата-анасының қамқорлығынсыз қалғын балалар мен жетім балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Акция шеңберінде Бұһар Жырау атындағы педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімшесінің студенттреі ескі жаңа жыл мерекесіін өткізді.

16 қаңтар 2-ші тоқсанның қорытындысы бойынша жақсы оқитын балалар тез тамақтану «Southern Fried Chicken» мейрамханасына және «Festival cinema» кинотеатрына сапармен мадақталды. А.С.Ким мен М.П.Колодкинге көмек көрсеткенге рахмет айтамыз.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында  балалар ауылында «Дәстүрлер отбасы арасында ауыларалық байқау өтті. Бұл байқау Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының жетекшісі Турсын Мусаевна  басшылығымен өткізілді. Байқаудың өткізілуі барысында балалар келесі дәстүрмен танысып кетті: «Сырға салу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Құйрық бауыр». Мейрімділікпен қолдау көрсеткені үшін рахмет айтамыз.

Жария етті admin | Күні 18-01-2018, 11:04

 «Нұр» отбасының «Дәстүрлері»  «Нұр» отбасының «Дәстүрлері»

    18 қаңтар дәстүр бойынша акт залында, балалар ауылының барлық тәрбиеленушілері мен  тәрбиешілері қатысты. «Нұр» отбасы қазақ халқының «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті. Бұл іс-шара ауыларалық байқау. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы. Бұһар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының экскурсоводы Тұрсын Мусаевна балаларға дәстүрлер жайлы қызықты да танымды дәріс дайындап келді де дәстүрді көзбен көре алды. Бұл байқау әр жастағы тәрбиеленушілерде әрдайым қызығушылық тудырады. Үлкендер қызықтыратын сұрақтар қойып, кішілер қазақ халқының дәстүрлерімен танысады.

Жария етті admin | Күні 15-01-2018, 15:54

Павлодар облысының тарихи тұлғалары Павлодар облысының тарихи тұлғалары

2018 жылдың 15 қаңтарында «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ акт залында Павлодар облысына 80 жыл мерейтойына байланысты  «Павлодар облысының  тарихи тұлғалары» атты тәрбиеленушілерге тәрбие сағаты өткізілді. Жоғарғы сынып тәрбиеленушілері: Ермоленко Галя, Чупина Света, Долинский Илья, Беркутов Нурканат Павлодар облысының атақты тұлғалары жайлы, олар: Мұса Шорманов, Машһүр Жүсіп Көпеев, Естай Беркембаев және Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы қысқаша ақпарат дайындады. Бұхар Жырау шығармашылығымен музыкалық жетекші Е.В.Потанина таныстырып өтті. Әрбір сөйлеген сөзі фотосуреттерден тұратын презентациямен ілесті. Осыған қоса акт залында әдебиет көрмесі, Павлодар облысының атақты тұлғаларының портреттері мен өмірбаяны жайлы көрмесі дайындалды.

Материалды бекіту мақсатында үйлерде «Атақты адамдардың шежіресі», «Біздің өлке, менің қалам», Машһүр Жүсіп Көпеев 160 жыл», «Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы» атты тәрбие жұмыстары өткізілді.

 

 

Жария етті admin | Күні 3-01-2018, 17:09

Кенжекөл балалар ауылындағы жаңа жыл Кенжекөл балалар ауылындағы жаңа жыл

Жаңа жыл – бұл ең мейірімді, ертегідей сиқырлы, балалардың жүректерінде ерекше орын алатын мерекенің бірі.  Бұл мереке тек қуаныш қана емес, шаттық пен күлкі сыйлайтын және ғажайыпқа сенетін мереке.

Жаңа жылдық ғажайыптар  «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ 22 желтоқсан күні басталды. Н.Клюев., Н.Беркутова., А.Кунадилов балалар ауылының тәрбиеленушілері Президенттік шыршаға қатысты. 25 желтоқсан күні Г.Ленчин., А.Кунадилова., Ш.Баширов облыс Әкімінің шыршасына барып келді. Жаңа жылдық шырша «Ертіс» қонақүйінде өтті. Балалар мереке мен сыйлықтарға мәз болды. 

Жария етті admin | Күні 26-12-2017, 11:48

Кенжекөл ауылының Әкімдігі атынан құттықтау Кенжекөл ауылының Әкімдігі атынан құттықтау

     26 желтоқсан күні Кенжекөл ауылының Әкімі Серик Ниязбекович  бас болып,  толық ұжымымен  келді. Серик Ниязбекович шың жүрегінен балаларды құттықтап, үздік оқу мен денсаулық тілеп, сыйлықтар сыйлады. Кутейников Рустам тәрбиеленушілердің атынан қатысушыларға ризашылығын білдірді. Ал мини-орталықтың балалары жаңа жылдық өлең шумақтарын айтып берді. Мереке, жылы және достық атмосферасында өтті.   

Жария етті admin | Күні 25-12-2017, 11:41

«Арина» Фермерлік қожалығы атынан жаңа жылдық сыйлықтар «Арина» Фермерлік қожалығы атынан жаңа жылдық сыйлықтар

     25 желтоқсан күні әр тәрбиеленушіге жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Балалар ауылының балалары сыйлықтар мен құттықтауларға мәз болып қалды. 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.