Жария етті admin | Күні 10-02-2015, 14:09

   10 ақпанда Кенжекөл балалар ауылында «Әлеуметтік серіктестік арқылы «СемьЯ» тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа балалар ауылының достары келді: «Дешали» компаниясы, «Казэнергокабель» АҚ, әлеуметтік-волонтерлік орталық, «Жас қанат» волонтерлік орталығы және Кенжекөл орта мектебі.

  Дөңгелек үстел басында өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды, оң тәжірибелер аталып өтілді, болашақта ынтымақтастықты жалғастыру жолдары анықталды.

   МБЖШ шотын ашу, түлектерді жұмысқа орналастыру, балалар ауылы базасында волонтерлік қозғалыс құру, сонымен қатар, волонтерлік орталық үйірмелерінің өзіндік тұсаукесері шеңберінде «Шебер күнін» өткізу мәселелері көтерілді.  

Жария етті admin | Күні 9-02-2015, 10:41

Сурет байқауы      Сурет байқауы

 

2015 жылдың  9 ақпанында Кенжекөл  ауылының  отбасы үлгісіндегі  балалар  ауылында  Ұлы  Отан соғысының  70 жылдығына арналған шара жоспары бойынша   «Соғыс... Одан асқан қайғылы сөз жоқ» атты балалар суреті байқауы өткізілді. Балалар ауылының  1-6 сыныптарда оқитын әр тәрбиеленуші  өз суретін тапсырды. 

Байқау қорытындысы:

Бас жүлде – Чижевский Мичеслав (25 доб.)

1-орын – Галиев Артем, Слабкин Рустам (20 доб.)

2-орын – Галиева Карина, Коробицина Люда, Чембура Данил (18 доб.)

3-орын – Жакипова Камила, Петрова Оксана, Иконников Вова, Ермоленко Галя (15 доб.)

«Жеңіске деген құштарлық» номинациясы – Ленчина Галина, Марущак Влад, Баранчукова Вика (15 доб.)   

Құттықтаймыз!!!

Жария етті admin | Күні 9-02-2015, 09:30

  «Жеңіс тұлғалары» көрмесі

     ҰОС Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық  шеңберінде балалар әлеуметтік желілерде совет жауынгерлерінің ерліктеріне арналған беттерді зерделеді. Қара-ақ түсті сюжеттік суреттерді таңдап алып, фотостудияда басып шығарды. Балалар жұмыстарының нәтижесі – «Жеңіс тұлғалары» көрмесі. Олег Белов, Нұрқанат Бүркітов, Илья Долинский, Жанна Лукина, Таня Роот белсенді түрде қатысты.

Жария етті admin | Күні 6-02-2015, 21:32

    Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша шаралар шеңберінде кітапханада «Жеңіске – 70 жыл» атты тақырыптық кітап көрмесі безендірілді. «Память павших будьте достоины» кітапханалық сағаты өтті. Шараға Римма Самойленко, Кристина Слюсарь, Илья Долинский, Николай Стяжкин белсенді қатысты.  

Жария етті admin | Күні 5-02-2015, 21:38

    5 ақпан күні «Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің волонтерлары туған күн иелерін құттықтады, әр туған күн иесі Павлодар қаласының жанашыр тұрғындарынан  жеке сыйлықтар мен тәтті жиынтықтар алды. Дәстүр бойынша Нұрқанат, Ангелина, Жанна, Андрей, Елена, Мәрзия  және ана-тәрбиеші Шолпан Нұрманқызына сыйлықтар сыйланды. Құттықтаймыз!!! 

Жария етті admin | Күні 30-01-2015, 21:43

    Салауатты өмір салтын қалыпастыру жоспарына сәйкес 2015 ж 30 қаңтарда «Не боюсь ни гриппа, ни простуды» тақырыбы бойынша конкурс өткізілді. Барлығы 16 жұмыс орындалды, оның ішінде, таңдаулы жұмыстар: гран-при Камила Жакипова, 1-орын Максим Чембура, 2-орын Юра Самойленко мен Жанна Лукина, 3-орын Азиза Слабкина мен Светлана Колчина. 

Жария етті admin | Күні 29-01-2015, 21:50

    2015 ж  28 қаңтарда қорғаншылық кеңесінің кезекті отырысында мына мәселелер қарастырылды: ҚР «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы»  заңы, оның ішінде, тәрбиелеуншілердің денсаулығы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен ТҚ бөлігі, сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2000 ж 17 мамырдағы №738 қаулысына сәйкес  жаңа күнтізбелік жылға киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкаммалмен қамтамасыз ету бойынша өтінімді бекіту.  

Жария етті admin | Күні 27-01-2015, 11:15

   Бүгін 27 қаңтар 2015 ж «Жасдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығынан Витя Бубеков пен Юра Самойленко оралды. Олар «Жаңа жылда-жаңа арманмен» I ауысым шеңберінде демалды, білім алды, дамыды. Ұлдарымызды мақтан етеміз, себебі, олар 5 мақтау қағазын әкелді: белсенді қатысқандары үшін, шаңғы жарысы бойынша жеке біріншілікте II және III орын үшін, «Жас дарындар» конкурсында III орын үшін, «КТК актерлік шеберлік»  конкурсында жеңіске жеткені үшін. 

Жария етті admin | Күні 26-01-2015, 18:46

 

   Қаңтардын 26-сы күні балалар ауылына концерттік бағдарламамен Павлодар басқару колледжінің ұстазы Сұлтанов Тұрсынбай Сағиденұлы бастаған колледж студенттері келді. Концерттік бағдарламада әр түрлі жанрда әндер айтылды: лирикалық, патриоттық т.б. Балаларға ең ұнағаны-гитарада жанды дауыспен ән шырқағаны. Сонымен қатар, балалармен ойындар өткізді, мамандықтар туралы сұрақтар қойылды. Шара соңында Тұрсынбай Сағиденұлы колледж қандай мамандықтар бойынша мамандар дайындайтыны жөнінде ақпарат берді, сонымен қатар, оқу түсуге ұсыныс білдірді. 

Жария етті admin | Күні 26-01-2015, 15:21

   26 қаңтарда Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы «Жастар бастамасын дамыту орталығы» ҚММ  ынтымақтасу шеңберінде Кенжекөл балалар ауылының тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізді. Шараның басында патриоттық тәрбие және беделді жоспарларды іске асыру бөлімінің жетекшісі жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы туралы мәлімет берді. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру және білім алуға көмек көрсету бөлімінің жұмысы балаларда үлкен қызығушылық тудырды.  Кенжекөл балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жастар инициативасын дамыту орталығы 2014 ж өткізген шаралар туралы ролик өте ұнады. Экскурсия соңында «Көшбасшы. Мен көшбасшымын ба?» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг өткізілді. Осы кездесудің нәтижесі балаларда облыстық волонтерлер қозғалысы жұмысына араласу тілегі болды.

 

 

        

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.