Жария етті admin | Күні 30-03-2015, 10:04

   «Батыр Мол» «Батыр Мол»

   Бүгін 30 наурызда біз «Батыр Молға» бардық. Міне, көптен күткен күн де туды.  Бұл күнге ұзақ дайындалдық. Бізді шеф аспазшы Антон Саннатович күтіп алды. Амандасқаннан соң  тапсырыс бердік. Тапсырыс дайын болғанша бутиктарды араладық: киім, аяқ киімдерді қарадық. Бәрі сондай тамаша. Үстел мәзірі дайын болған соң, тамақтануға отырдық. Бәрі сондай дәмді болды, тез арада тойдық, содан кейін ойын залына бардық. Барлық аттракциондарда тептік. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Соңында Антон Саннатовичке алғыс айтып, өз қолымызбен жасаған сыйлықты сыйладық. Ол өз тарапынан рахмет айтып, бізбен бірге фотоға түсті. Бұл сапарымыз бізге өте ұнады.

Жария етті admin | Күні 28-03-2015, 15:30

«Балалар әлем ыргагында» фестивалі   «Балалар әлем ыргагында» фестивалі

 

        2015 жылғы 28 наурызда Павлодар музыкалық колледжінде «Балалар әлем ырғағында» фестивалінің «аспаптар өнері» жанры бойынша ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналған бірінші айналымы өтті.   

        Бұл жанр бойынша барлығы 28 жеке орындаушы қатысты: Павлодар қаласының №1, №2 музыка мектебі, Шарбақты, Ақсу қаласының шығармашылық үйі, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп кешені. Юра Самойленко музыка мектебінен келген қатысушылардан қалмай, «Иликай» күйімен лайықты өнер көрсетті.    

 

Жария етті admin | Күні 27-03-2015, 18:11

       Көктемгі демалыста балалар ауылының тәрбиеленушілері 1964 жылы құрылған Павлодар облыстық көркемөнер музейіне барды. Бұл Қазақстан бойынша құрылған екінші музей. Музейдің 40 жылдық тарихында сурет өнерінің ғажайып жиынтығы жиналған, барлығы 5500 экспонаттан асады. Экскурсия жетекшісі Эльмира музей қорынан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Армения суретшілері туындыларының көрмесімен таныстырды. Павлодар облыстық көркемөнер музей қорында армения суретшілерінің сурет өнері, графика, мүсіндердің үлкен жиынтығы жиналған (90 туындыға жуық). Біз атақты суретшілер апалы-сіңілі Мариам, Ерану, Асламазян, С.Галастян, А.Бекарян, Д.Налбандянның суреттерін көрдік. Бізге жас суретшілердің суреттері өте ұнады, көркемөнер музейінде балалар суреттерінің студиясы жұмыс істейді. Суреттер махаббат және ықыласпен салынған. Біз музейге барғанымызға ризамыз.

Жария етті admin | Күні 26-03-2015, 18:01

Наурыз -2015   Наурыз -2015

 

    Наурызда орталық алаңда кәсіпкерлер клубы Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін қабылдады. Балалар ашық-жарқын костюмдерде мейрамға қатысуға Павлодарға келді. Ең талантты деген 16 бала мерекелік бағдарлама дайындады. Кәсіпкерлер клубы киіз үйінің жанында балалардың өнерін тамашалау үшін павлодарлық көрермендер жиналды.  

     Театрландырылған көрсетілім кезінде бүлдіршіндер домбырада ойнап, өлеңдер оқыды және қазақ ұлттық билерін биледі. Балалар көрсетілім арасында өздерінің ең таңдаулы нөмерлерін ұсынғандарын айтты. Кенжекөл балалар ауылы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттері көпшілік жұртқа мәлім. Балалар қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға үнемі қатысып тұрады. Осы жолы да Наурыз мейрамына қатысудан шет қалмадық.  

    - «Кәсіпкерлер клубы біздің тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шақырды, - деді Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Динара Жоломанқызы - Бұл біздің алғашқы шарамыз. Болашақта клубпен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, жалғастырамыз деген ойдамыз.  Бұрын «полк ұлы» деген болды ғой, енді «фирма ұлы», «фирма қызы» болады деп жоспарлаудамыз, яғни, кәсіпкер тәрбиеленушіні қол астына алып, белгілі бір мамандыққа оқытатын болады. Болашақта еңбекке орналасуына көмектесіп, қадағалап отыратын болады».

 

Жария етті admin | Күні 20-03-2015, 15:33

«Шақырылған кешкі ас» жобасының алғашқы кезеңі өтті  «Шақырылған кешкі ас» жобасының алғашқы кезеңі өтті

20 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының алғашқы кезеңі өтті. Қатысушыларды жақын достарымыз ауған әскерилері, «Дешели» өкілі Хан Венера Афанасьевна, суретші Бота Машрапов, волонтерлік орталығының өкілі Ева және Бахыт Аспандиярқызы бағалады.

Қатысушылар акт залында дастархан жайып, барлық отбасымен Наурыз мейрамына арналған концертті тамашалады. Жайылған әр дастархан көз тоярлықтай, себебі, әрқайсысы шығармашылықпен безендірілген. Залда қуаныш сезімі сезілді: жүздері бал-бұл жайнаған балалар, ән-күй.

Әділқазылар алқасы, Динара Жоломанқызы конкурстың алғашқы кезеңінің жеңімпазын хабарлады: ол «Бақыт» отбасынан Максим Чембура,

1-2 ұпай аз жинаған «Нұр» отбасынан Олег Белов, «Бота» отбасынан Татьяна Роот, «Айгөлек» отбасынан Давыд Колчин, «Толқын» отбасынан Нұрқанат Бүркітов, «Балауса» отбасынан Андрей Галиев, «Балдәурен» отбасынан Рома Ермоленко. «Шапағат» отбасынан Кристина Слюсарь мен «Болашақ» отбасынан Камила Жакипова ең аз ұпай алды. Бұл жабырқауға себеп емес, алда әлі екі кезең бар.  

   

 

 

Жария етті admin | Күні 20-03-2015, 14:48

  Наурыз мерекелеріңізбен! Наурыз мерекелеріңізбен!

 

2015 ж 20 наурызда Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы халық аспаптарының күмбірлеген сазына толы болды. Балалар шуақты Наурызды қарсы алды. Мерекелік концерттің алғашқы шымылдығын ересек топ «Алтын бесік» биімен ашты. Тәрбиеленушілер ұлттық киімде ұлттық қазақ және өзбек асханаларын ұсынды. Балалар өз елі, мерекесі туралы әндер шырқады. Домбырашылар квартеті көреремендерді жаңа туындысымен қуантса, кішкентай бүлдіршіндер сүйікті қаражорға биін билеуге шақырды. Шара соңы флэшмобпен аяқталды, мерекелік көңіл-күй барлық көрермендердің есінде ұзаққа сақталатын болды.   

Жария етті admin | Күні 18-03-2015, 14:07

Библиотечный час «Живет в народе память о героях» Библиотечный час «Живет в народе память о героях»

18 наурызда Кенжекөл ауылы отбасы үлгісіндегі блалар ауылында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Батырлар туралы халық есінде» кітапханалық сағат өтті. Аталмыш шара балаларды  рухани тәрбиелеуге бағытталған, мақсаты: ҰОС қазақстандық батыр қыздармен таныстыру.

Кітапханалық сағатты логопед Н.В.Хромина дайындап өткізді, тәрбиеленушілер Саша Галицкая, Таня Роот, Жанна Лукина көмектесті. ҰОС қазақстандық батырлар туралы видеофильм, слайдтар, «Мәншүк әндері», «Снайперлер» фильмдерінен үзінділер көрсетілді.

Қыздар  Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және  Хиуаз Доспановаға арналған тақпақтар айтты. Бұл шараға қатысушылардың бәрі жүргізушілерді мұқият тыңдап, слайдтарды көрді. Балаларға дайындалған тұсаукесерді көруге қызықты болды, көбі ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы алғаш рет білді. Жеңістің 70 жылдығына арналған кездесу соңғы емес, әлі жалғасын табады.   

Жария етті admin | Күні 18-03-2015, 14:00

«Шақырылған кешкі асқа» азық-түлік сатып алу.

18 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасына қатысушылар  бағаларымен танысқаннан кейін «Greenwich» сауда орталығына  азық-түлік сатып алуға барды. 

Басты мақсат: 5000 теңгеге мерекелік түскі асқа қажетті азық-түліктерді сатып алу. Балалар алғашқы сатып алуларын қуанышпен жасады, қандай азық-түлік сатып алу керектігін талқылады.

Азық-түліктер сатып алынды, алда маңызды кезең – мерекеліік түскі ас әзірлеу. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Жария етті admin | Күні 17-03-2015, 16:20

Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама   Тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы конкурсындағы таңдаулы баяндама

2015 жылғы 17 наурызда облыстың білім беру басқармасының білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Облыстың білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы» облыстық конкурсы өтті.

Конкурсқа педагогикалық тұжырымдамасы бар, үш жыл барысында тұрақты оң нәтижелері бар облыс білім беру мекемелерінің 28 қызметкері, яғни, конкурстың аудандық, қалалық кезең жеңімпаздары қатысты.

Конкурстың қазылар алқасы құрамында ИнЕУ-дің озық ғалымдары, облыстық білім беру басқармасының мамандары, Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  институты акционерлік қоғамы филиалының әдіскерлері, Инновациялық орталық әдіскерлері,  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жұмыс жасады.   

Конкурс қорытындылары бойынша «Жалпы орта білім беру мекемесінің тәрбие жұмысының үздік жүйесі» номинациясы бойынша Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жеңімпаз атанды.

     Құттықтаймыз!!!

Жария етті admin | Күні 17-03-2015, 13:51

«Greenwich» сауда орталығының бағаларымен танысу

2015 жылғы 17 наурызда дәстүрлі «Шақырылған кешкі ас» жобасы жалғасын тапты.  Мақсаты: өзіне азық-түліктерді дұрыс таңдап, сатып алу, сатып алатын заттарды жоспарлау дағдысын дамыту арқылы тәрбиеленуші-лерге әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету. Биыл бұл жобаның демеушілері Қайырымдылық бойынша Халықаралық комитет болды.

«Шақырылған кешкі ас» жобасына қатысушылар: Белов Олег «Нұр» отбасы, Галиев Андрей «Балауса» отбасы, Ермоленко Рома «Балдәурен» отбасы, Роот Татьяна «Бота» отбасы, Жакипова Камила «Болашақ» отбасы,  Чембура Максим «Бақыт» отбасы, Слюсарь Кристина «Шапағат» отбасы, Колчин Давыд «Айгөлек» отбасы, Беркутов Нұрғанат «Толқын» отбасы.

17 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасына қатысушылар азық-түлік бағаларымен танысу мақсатында «Greenwich» сауда орталығына барды. 

Психолог К.О.Литвиненко мен ана-тәрбиеші С.Т.Жүнісова азық-түлік бағаларымен танысуға және ас мәзірі бойынша азық-түлікті дұрыс таңдауға тәрбиеленушілерге ақыл-кеңес берді.  

  Наурыз мерекесі қарсаңында әр қатысушы 5000 теңгеге мерекелік түскі ас әзірлеу керек. Мерекелік ас мәзіріне міндетті түрде ыстық тамақ, 2 салат, торт және бауырсақ ену керек. Дәм сапасы ғана есепке алынып қоймайды, сонымен қатар, үстелдің эстетикалық безендірілуі есепке алынады.

  Сәттілік тілейміз!

 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.