Жария етті admin | Күні 3-04-2017, 10:03

Балалар ауылы кітапханасын жаңарту

     Балалар ауылының дамуы жоспарын іске асыру аясында кітапханалық бөлменің материалдық базасы жаңарды. Кітапхана заманауи және дөңгелек үстел, кездесулер мен семинарлар өткізуге қолайлы және балаларға жақсы жағдайда кітаптар әлеміне жол алуға мүмкіндік береді.

Жария етті admin | Күні 2-04-2017, 10:00

«Жетекшілер» жобасы үміткерлерінің танысу отырысы «Жетекшілер» жобасы үміткерлерінің танысу отырысы

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Жетекшілер» жобасы «Томирис әйелдер клубы» қоғамдық фондымен бірлесе отырып іске асырыла бастады. Аталған жоба «Дара» Республикалық фонды қаржылай қолдауымен қолға алынды. 1 сәуір 2017 жылы Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысының орынбасары Е.Н.Дауеновтың қатысуымен, жетекшілікке үміткерлермен танысу алғашқы отырысы болып өтті.  Аталған жобаға 25 болашақ жетекші қызығушылық білдіріп отырғанына қуаныштымыз. Жобаны қолға алу бойынша толық ақпаратты Н.К.Айтжанова мен балалар ауылының басшысы Д.Ж.Темирханова айтып берді. Бір шыны шай үстінде әр үміткер өзі туралы айтып, аталған жобаға неліктен қызығушылық танытқанын айтып берді. Ломов көшесі 38 үйде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін сәуір айы бойы әр сенбіде жетекшілік мектебі жұмыс істейтіні қуантады. Осы жобаға келіп қосыламын деушілерді бірінші сабағымызда күтеміз.

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 10:12

Астана қаласында интернатты мекеме директорларының республикалық отырысы

31 наурыз 2017 жылы Астана қаласында «Өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды қолдау орталығы» жобасын қолға алу жолдары мәселелері бойынша интернатты мекеме директорларының республикалық отырысы болып өтті. Аталған жобаға Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы Темирханова Динара Жоломановна қатысты.

 

 

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 10:07

Үгіт тобы облыстық сайысында 2 орын. Үгіт тобы облыстық сайысында 2 орын.

      Жыл сайын Екібастұз қаласында облыстық үгіт тобы сайысы болады. Бұл жылы сайыс тақырыбы – «Мен-Қазақстандықпын». Балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысып, екінші жүлделі орын алды кубокқа ие болды. Сайыстағы орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын – Қашыр балалар үйі, 2 орын – Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және Мичурин балалар үйі, 3 орын – Екібастұз балалар үйі мен Қалқаман балалар үйі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Жария етті admin | Күні 31-03-2017, 09:50

«Құстар күніне» ұяшықтар дайындау «Құстар күніне» ұяшықтар дайындау

Көктемнің келуімен әр адамда бір жақсылыққа үміті оянады, күн шуағын  шашып, еріген қар ой мен жаннан бүкіл жамандықты жуып ала кететіндей. Ашылулар, жаңартулар мен қозғалыстар маусымы.

Мейірімді істер – кішкентай жұмыстардан басталады. Біздің кішкентай бауырларымыз адамның көмегіне зәру. «Шебер қолдар» үйірмесінің орта және жоғары топ балалары көктемгі демалыс уақытында Халықаралық Құстар күніне орай «Мейірімді істер» акциясын өткізуді жоспарлап, құстарға өз ұяшықтарын жасауға көмектесті.

Бірнеше күн балалар ауылының шеберханасында балға, ара, электр кесуші дауысы мен  балғын ағаш пен бояудың иісі шығып жатты. Беркутов Нурканат және Белов Сергей қалған материалдарды (пластик қалдықтары, тақтай, ДВП) қолдана отырып, ұя мен тамақтанатын жер жасады.

Міне, көптен күткен презентация. Бағалау өзін күткізген жоқ. Жас шеберлердің ой ұшқыны мен жұмыс тәжірибесі ғажайып зат жасады. Жасалған заттар сенімді, сапалы және мінсіз болып шықты. Еліне қайтып келген құстар балалар ауылындағы жаңа орындарына қоныстанып, өздерінің мейірімді көршілерін әндерімен тербететіндеріне сенімдіміз.

Жария етті admin | Күні 30-03-2017, 09:55

С.Торайғыров атындағы кітапханамен кездесу. С.Торайғыров атындағы кітапханамен кездесу.

30 наурызда Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында облыстық С.Торайғыров атындағы кітапхананың қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Бақытжан Тасымханова және Марина Анатольевна балалар әдебиеті бөлімінен ПМПИ және педагогикалық колледж студенттерімен бірге концерт қойды: әртүрлі жанрдағы әндер орындалды, өлең жолдары оқылды. Соңында майлықтардан балалармен бірігіп жасалған «Гүлдерден жүрек» көрсетті. Аяғында қонақтар балаларға сыйлықтар сыйлады және бірге фотоға түсті. Балалар өте риза болды. 

Жария етті admin | Күні 28-03-2017, 09:45

«Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі «Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі

27 және 28 наурызда «Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі болып өтті. Аталған кезеңде қатысушыларға салат, суп, екінші ыстық тамақ және таңдауы бойынша сусыннан тұратын 8 адамға түскі ас дайындау керек болды. Сонымен қатар бюджетке үнемділікке үйлесу керек: бірінші түскі ас – 2500 теңге, екінші түскі асқа – 1500 теңге бөлінуімен және бір адамға тамақтың нормасын сақтау қағидасын да ұмытпау керек.

Екінші кезеңде қатысушылардың шығармашылығын біздің жақын достарымыз – «Жас қанат» ҚБ және балалар ауылының қамқорлық кеңесінің өкілдері бағалады.

Қатысушылар өз үстелдерін үйлерде жасады. Қаражаттың аздығына қарамастан балалар дәмді және толық түскі ас дайындап қана қойған жоқ, сонымен қатар үстелдерді әзірлеуге шығармашылық тұрғыда қарады. Алда әлі кешкі ас дайындаудың екі кезеңі бар, қатысушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Жария етті admin | Күні 18-03-2017, 14:58

Көктемгі Нарыз мерекесі құтты болсын! Көктемгі Нарыз мерекесі құтты болсын!

18 наурыз күні үйлер бойынша ең үздік безендірілген үй мен мерекелік дастархан және де Наурыз көктем мерекесі аясында салт-дәстүрлерді көрсетуден жарыс болып өтті. Бір апта бойы тәрбиеленушілер жарысқа дайындалып, безендіруді ойластырып, қазақ халқының ұлттық тағамдары, салт-дәстүрімен танысты. Әр үй өздері суырып алған салт-дәстүрлерін көрсетті. Әділ қазы ретінде педагогикалық институттың «Педагоггика және спорт» кафедрасының мұғалімдері болды. Қорытындысы бойынша бірінші орынды «Айгөлек» отбасы иеленді.

Жария етті admin | Күні 17-03-2017, 14:44

«Наурыз жыл басы» кітап көрмесі

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының кітапханасында көктемгі Наурыз мерекесі аясындда кітап көрмесі ұйымдастырылды. Наурыз – бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан көне мерекелердің бірі. Наурыз – бұл көктем мерекесі, жаңа өмір мен жаңа жылдың басталуы мен табиғаттың жаңаруы. Тәрбиеленушілердің белсенділері көрмеге сай келетін кіітаптарды таңдап, безендірді. Көрмеде мынадай кітаптар болды: «Алтыбақан», «Жеті қазына», «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Айтыс», «Ат жарыстары» және т.б. Балалар ауылының тұрғындары 17 наурыздан бастап көрмені аралап, кітаптармен танысты.

Жария етті admin | Күні 15-03-2017, 15:33

Көктемгі еріктілер көмегі

14, 15 наурыз күндері Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Болашақ» орталығының тәрбиеленуші-еріктілері есік алды мен аумақты қардан тазалауға көмектесу үшін жалғызбасты зейнеткерлер Юрий  Васильевич пен Мария Григорьевнаға барды.

Екі күнде еріктілер қар тазалау жұмыстарын жүргізді, қорытындысында есік алды мен үйдің маңайы қардан тазаланып, үй иелері маңайды су басып кетеді деп қорықпайтын болды. Қар тазалау кезінде балалар көптеген қызықты адамдармен кездесіп, олардың өмірі мен болашақта олар қандай көмекке мұқтаж болатынын біле алады. Біздің еріктілер үздік марапат болып табылатын шынайы алғыс сөздер алды.

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.