Жария етті admin | Күні 10-05-2017, 14:21

Жеңіс күнімен! Жеңіс күнімен!

       Жыл сайын Ұлы Жеңіс күнінде «Болашақ» еріктілер орталығының тәрбиеленушілері педагогикалық еңбек ерлері мен 1936 жылға дейін дүниеге келген ардагерлерді келе жатқан мерекесімен құттықтайды. Балалар Жеңіс күнімен құттықтап Кенжекөл мен Байдала аулының 40 зейнеткеріне азық-түлік жинағын сыйға тартты. Орнына тәрбиеленушілер алғыс сөздер мен жастарға айтатыны көп ардагерлер тарихын естіп жатты. Соғыс пен еңбек ардагерлеріне денсаулық тілейміз!

Жария етті admin | Күні 10-05-2017, 11:46

Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт

      10 мамыр күні жиын залында Ұлы Жеңіс Күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. Концерттік бағдарламаны оқушылар ардагерлердің ұлы істері туралы тақпақтарымен ашты, одан кейін тәрбиеленушілер мен балалар ауылының ұжымы ардагерлер рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Орта сынып қыздары әскери әндер жинағынан үзінді жасап орындады. Ең көп күтілген нөмір балалар ауылының үлкен сынып оқушыларынан вальс болды. Шара соңында балалар жолақты біздің өңірдің ардагерлер суретіне толтырып, жеңіс пен ашық аспан үшін алғыс ретінде тақпақтар оқыды. 

Жария етті admin | Күні 6-05-2017, 14:06

«Қазақстан өнерлілері» «Қазақстан өнерлілері»

6 мамырда Естай атындағы мәдениет сарайында  би мен вокалдан «Қазақстан өнерлілері» атты байқау болды. Би бойынша «Эстрадалық би» жанрынан «Just dance» би үйірмесінің орта тобы «Сенсация» биімен қатысты. Байқау қорытындысына сай қыздар 2 орын үшін дипломмен және жеклей мақтау қағазымен марапатталды. Құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!

Жария етті admin | Күні 5-05-2017, 14:01

«Отбасына барғым келеді» акциясы «Отбасына барғым келеді» акциясы

        5 мамыр күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Отбасына барғым келеді» акциясы өтті. Аталған акцияға Астана, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Ақсу, Железинка, Баянауыл, Қашыр және Лебяжі ауданы мен Кенжекөл ауылынан 69 қонақ келіп қатысты. Акцияның басталуы сағат 11.00, қонақтар станцияларда тапсырмалар орындай жүріп, балалар ауылының барлық тәрбиеленушілерімен танысып жайлы жағдайда әңгіме сұхбат жүргізе алды. Жалпы флешмоб, концерт пен ағаш отырғызу балалар мен қонақтар арасын тіптен жақындастыра түсті. Осы акция балалы болуды армандап жүрген адамдарға және отбасына барғысы келетін балаларға көмектесіп, олардың тілектерінің орындалуына негіз болады деген сенімдеміз.

Жария етті admin | Күні 4-05-2017, 14:13

Кенжекөл ауылында Жеңіс алаңын жөндеу Кенжекөл ауылында Жеңіс алаңын жөндеу

      1-5 мамыр аралығында балалар ауылының тәрбиеленуші-еріктілері Жеңіс алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Балалар Жеңіс-соғыс алаңына жақпа жұмыстарын, қашалған тасты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бояу, тазалау жұмыстары да жүргізілді. Жас «Болашақшылар» шаршады, бірақ жасаған жұмыстары көңілдерінен шықты, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлер рухы өз ауылына мейірімді іс әкеп  жатқанын мақтан етті.

Жария етті admin | Күні 29-04-2017, 14:08

Лазертаг жеңімпаздары

      29 сәуірде балалар ауылының тәрбиеленушілері спорт лазертаг ІҮ турниріне қатысты. Турнир қорытындысына сай тәрбиеленушілер белсене қатысқандары үшін 2 орын алып, сыйлыққа 6 адамға пейнтболға сертификат алды. 

Жария етті admin | Күні 25-04-2017, 14:05

Кіші олимпиада ойындары Кіші олимпиада ойындары

Балалар ауылының тәрбиеленушілері мамыр айында дәстүрлі түрде 13 кіші олимпиада ойындарында Павлодар облысы балалар үйі арасынан қатысты. Жарысқа 102 тәрбиеленуші қатысты. Жарыс баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі ойындары бойынша өткізілді.  

Жария етті admin | Күні 11-04-2017, 09:29

Депутаттармен кездесу Депутаттармен кездесу

       11 сәуір күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қалалық маслихат депутаты – «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсат Айтышев және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ біріншілік партиялық ұйымның төрағасы Рүстем Альханов қонаққа келді. Қонақтар балалар ауылын аралап, тәрбиеленушілердің тұрғылықты жағдайымен танысты: балалардың тұрмысы мен мәдениетін көрді. 

Жария етті admin | Күні 9-04-2017, 09:33

Естен кетпес демалыс күндер Естен кетпес демалыс күндер

        9 сәуір күні балалар ауылында  өте қызық және жарқын күн болды. Тәрбиеленушілерге қонаққа Subaru Павлодар клубының өкілдері келді, балаларға құрастырмалар мен әрқайсысына тәтті сыйлық та ала келді. Балалар көліктің рөлінде отырып өздеріне қызықты көлік маркасы туралы сұрақтар қоя алды, бұл балалар ауылының ұлдарына өте қызық болды. Сонымен қатар, Subaru клубымен бірге суретшілер де келді, көңілдері қалаған балаларға   аквагрим жасап берді, ит ертіп жүрушілер хаски тұқымды иттермен, балалар ауылының бір де бір тұрғынын көңілден тыс қалдырмады. Осы уақытта кішкентайлар үшін жиын залында сабынды көбіктерден сиқыр қойылым болды. Әр балаға жылы да жағымды сезім қалдырған үшін, осындай керемет мерекенің ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз!

Жария етті admin | Күні 6-04-2017, 09:39

ПМУ студенттері қонақта ПМУ студенттері қонақта

      6 сәуір күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік студенттері көңіл көтеретін бағдарламамен қонаққа келді. Балалар студенттермен ойындар ойнап, флешмобқа қатысып, студенттердің шығармашылық нөмірлерін тамашалады. Сонымен қатар студенттер өздерінің оқу орындары мен жоғарғы білім алуға болатын мамандықтар туралы да айтып берді. Кездесу тартымды, ынталы өтті, барлық тәрбиеленушілер белсене қатысты. 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.