Жария етті admin | Күні 15-12-2016, 11:27

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

         Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында мерекелік концерт болып өтті. Балалар  Отан, достық, патриоттық туралы әндер орындады. Өлең жолдары мен құттықтаулар үш тілде орындалды. Балалар ауылының басшысы Білім беру басқармасы, Павлодар облыстық ғылым және білім мамандандырылған қызметкерлер одағы және «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалынан келген алғыс хаттар мен мақтау қағаздарды тапсырды. Мерекенің басты сыйы – құттықтау – балалар ауылының кішкентай тәрбиеленушілерінен презентация.

Жария етті admin | Күні 14-12-2016, 14:11

«Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы

 «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы

 «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы

 «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы

 «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы

 «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы

 

Жария етті admin | Күні 2-12-2016, 14:09

«Шақырылған кешкі ас» - Үздік әлеуметтік жоба

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында 2 желтоқсан күні Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Н.В.Дычко қатысуымен еріктілердің Облыстық форумы болып өтті.

         Форум аясында «Жыл еріктісі» облыстық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Шақырылған кешкі ас» жобасы үздік деп танылды.

Жария етті admin | Күні 2-11-2016, 14:29

«Сен туралы ән шырқадым, Қазақстан!» концерті «Сен туралы ән шырқадым, Қазақстан!» концерті

2 қараша күні күзгі демалыс уақытында, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында балалар ауылы тәрбиеленушілері «Павлодар облысы мүгедектер мен қарттарға арналған интернат-үй» ММ қонақ болды. Жиын залында «Сен туралы ән шырқадым, Қазақстан!» тақырыбында концерт болып өтті.

Патриотизм балалар тәрбиесінде ерекше орын алады. Балалар қарттар үшін бар күш-жігерлерін салды. Бекирова Ленаның «Мама» әніне көздеріне жас алып шапалақ ұрды. Тәрбиеленуші әлемдегі ең басты адам туралы әнді беріле орындады. Өздерінің таланты мен батылдықтарының арқасында барлық залды «Месяц» биімен кіші би тобы жаулап алды. Жоғары би тобының қыздары орындаған қазақ биі өздерінің керемет биімен көреремендерін таңқалдырды.

Мереке соңында барлық көрермендерді тосын сый күтіп тұрды! Балалар  өздерінің тәрбиеші-аналарымен бірге дайындаған тәтті торттарды сыйға тартты. Балаларды күзгі демалыстарымен құттықтап, алғысын білдіру үшін қарттар үйінің басшысы сөз сөйледі. Балалар ауылына концертпен қонақ болуға сөз берді.

 

 

Жария етті admin | Күні 31-08-2016, 09:39

«Қазақстан Республикасының Ата Заңына 21-жыл» «Қазақстан Республикасының Ата Заңына 21-жыл»

Осы жаздың соңғы күні Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданғанына 21 жыл толуына орай жиын залында «Қазақстан Республикасының Конституция күнімен!» тақырыбында концерт өтті. Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының өнерлі балалары мейірімді тілектерін жолдап жатты.

Балаларды тәрбиелеуде патриоттылық ерекше орын алады. Балалар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін қуана білуде, мемлекеттік тілде ән айтып жатты.

Концертке әр түрлі жастағы балалар қатысты. Репертуар ерекше болды. Балапанова Заринаның орындауында Ел туралы әдемі ән тыңдалды.

Өзінің ерекше өлең оқу қабілетімен ең кішкентай қатысушы Гайнутдинов Каир тыңдарман көңілін босатты. Оның орындауын өз құрдастарынан құралған тыңдармандар қолпаштап қолдап отырды.

Жоғары би тобы өзінің қазақ биімен залды таңқалдырды. Түрлі-түсті ертіп жүру тәрбиеленуші қыздардың өнерін жандандыра түсті.

Жас та болса, болашағынан көп үміт күттіретін Ленчин Камиль мемлекеттің құрылуы туралы ауыр өлеңін оқыды. Келешекте балалар ауылында жаңа жұлдыз пайда болып, бізге бақыт сыйлайтынына сенеміз.

Балалар ауылының басшысы балаларды осы жылы да жайдарлы мерекелерімен құттықтап, «Менің міндеттерім мен құқығым» атты сурет сайысының жеңімпаздары мен қатысушыларына алғыс мадақтамалар таратты. Көрермендердің үлкені мен кішісі қоса қатысушыларды қошеметпен демеп отырды. Мереке күні жылы да жағымды мақтану сезімін сыйлады.

         Мейрам аяғында барлығын тосын сый күтті. Құттықтау сөзімен балалар ауылының әкімі Галиев Андрей шығып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Мереке еріктілер тобының биімен жабылды. Балалық – ол сабынды шар, қысқа күндер қызық пен қуанышқа толы келеді. Әр баланың өмірінде осындай қызықты да қуанышты, бақытты күндер көп болсын деген тілек білдіреміз. 

Жария етті admin | Күні 26-08-2016, 17:31

«Мейірімді істер апталығы» «Мейірімді істер апталығы»

«Балақай» сауықтыру демалысынан келгеннен кейін Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Болашақ» орталығының жас еріктілер қоғамы  жаңа күшпен «Мейірімді істер» жасауға қайта кірісті.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мейірімді істер апталығы» өтуде. 

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 9 отбасы тұрып жатыр. Әр отбасы өздерінің «Мейірімді істерін» жүзеге асыруға уақыт таңдап қойды. 22-26 тамыз аралығында еріктілер қолдарына құралдарын алып Кенжекөл ауылындағы жалғыз басты зейнеткер қарттарға көмек көрсетті. «Болашақ» орталығының еріктілер тобы бір көргенде кішкентай бірақ кейбір адамдарға күш пен қуатты талап ететін материалды мәселелерді шешуге көмектесті.

Еріктілер тобы Ұлы Отан Соғысының ардагері Буркутбаев Камалиген қарияға сыртқы жөндеу жұмыстарын жасауға, Кунанбаева Берик Ислямовна зейнеткерге сырлау жұмыстарын жасауға көмек қолдарын созып, Балтабаева Закрия Манаповна зейнеткердің есік алдындағы қоқысын тазалап, қақпасын сырлап, үйінің жан-жағын қоршады, Гульбаршын Каримовнаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сырлауға көмектесті. Жас еріктілер қоғамында өздері жасаған жұмыстан көптеген жағымды таңданыстар туды, ең бағалы сыйлықтар алғыс сөздер мен мейірімді тілектер болып шықты.