Жария етті admin | Күні 4-01-2017, 12:20

Жаңа жылдық КВН

Балалар ауылында 04 қаңтар 2017 жылы 4-11 сыныптар аралығында көңіл көтеруге арналған шара «Шырша қасында жаңа жылдық КВН» болды. Ойын бағдарламасының мақсаты тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымға біріктіруді іске асыру болып табылды. Балалар екі топқа бөлініп оның басшысы мен атауын ойлап тапты. «Шыршалар» тобы ұйымшылдықтарымен көзге түссе, «Санта Лапусы» тобы табиғи жылдамдықтарымен ерекшеленді. Топтар жиынмен болды, қатысушылар әр отбасынан алынды, сондықтан баға берілгенде топтың жалпылай жетістігі ескерілді. Балалар дереу үйреніп кетті, жоғары дәрежелі ойын көрсетті. Осылай, «СантаЛапусы» тобы өз күштерімен жеңіске жетті. Балалар жаңа жылдық көңіл күймен қатар, мақтау қағазы, добриктар алды.

Жария етті admin | Күні 30-12-2016, 12:14

«Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым» «Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым»

30 желтоқсан күні жиын залына балалар ауылының тәрбиеленушілері жиналып «Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым» көрсетілімін қойды.

Балалар аталған қойылымға үлкен ынтамен дайындалды:  дайындықтан қалмады, өздері ойнайтын бейненің киімдерін ретке келтірді, рөлдерін жаттады, сахнада дайындалды. Ертегінің айтулы әртістерімен бірге би мен ән орындаушылары да дайындалды. Періште бейнесінде Бекирова Лена, «Зимняя сказка» әнін жоғары деңгейде орындады, оның «сиқыр таяғының» әр сермеуімен келесі жаңа жылдық нөмір орындалды.

Мерекеге әртүрлі қонақтар келді: мейірімді Кикиморалар ойындарымен, жарыстарымен көрермендерді таң-тамаша қылды, Жалмауыз Кемпір мен өлмейтін адам екеуі биімен таңқалдырды. Ал Аяз Ата мен Қарша қыз бір баланы да назардан тыс қалдырған жоқ. Үйге кіретін Кузя әрбір үйге мейірім мен табыс тіледі.

Өзінің әртістігімен және мәнерлі орындауымен барлық көрермендерді Ленчин Камиль – қойылымның ең кішкентай әртісі, келер жыл әтештің бейнесін көрсетіп баурап алды. Мерекенің аяғында кішкентай балалар жаңа жылдық тақпақтар орындап, әндер айтты.

Жария етті admin | Күні 29-12-2016, 12:11

«Жас қанаттан» жаңа жылдық құттықтау «Жас қанаттан» жаңа жылдық құттықтау

        Желтоқсан айының басында балалар ауылының әрбір тәрбиеленушісі аяз атаға өз тілектерін білдіріп хат жазған болатын. Сипатилова Салтанат пен «Жас қанат» ұйымының басшылығымен Павлодар қаласы тұрғындарының арасында әр тәрбиеленушінің арманын іске асыруға акция өткізілді. 29 желтоқсан күні безендірілген жаңа жылдық жиын залында әрбіреуі өз сыйлықтарын алды. Тәрбиеленушілер келген сыйлықтарға жауап ретінде көптеген тілектер мен тақпақтар айтып берді.  Біздің балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, қуаныш сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Жария етті admin | Күні 27-12-2016, 11:57

НЗМ жаңа жылдық құттықтау НЗМ жаңа жылдық құттықтау

        27 желтоқсан күні Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі балалар ауылының тәрбиеленушілерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап әр тәрбиеленушіге тәтті сыйлықтар мен ескерткіш сыйлады. Сонымен қатар жаңа жылдық сыйлықтар қатарынан «Балаға Экспо билетін сыйла» акциясы аясында Экспо 2017 көрмесіне 10 билет табылды сонымен қатар мектеп ұжымы дәстүрлі түрде Флекман Софияның жеке есепшотын толтырды. Біздің балаларға көңіл бөліп, армандарының орындалуына үлес қосқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Жария етті admin | Күні 26-12-2016, 10:38

«Павлодар аумағы бокс федерациясы» ҚБ шеберлік сабағы «Павлодар аумағы бокс федерациясы» ҚБ шеберлік сабағы

26 желтоқсан күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ерекше шара болды, балаларға қонаққа құрамында Қазақстан чемпионы Букаев Олжас бар «Павлодар аумағы бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінен боксшылар келді. Боксшылар балаларға шеберлік сабағын өткізді, сонымен қатар бокс туралы барлық сұрақтарға жауап берді. Шеберлік сабағы соңында жаңа жылдық мерекеге орай боксшылар балаларға сапалы футболкалар, тәттілер, сонымен қоса EXPO -  2017 көрмесіне 10 билет сыйға тартты.

 

 

Жария етті admin | Күні 23-12-2016, 11:31

EXPO – 2017 көрмесіне алғашқы билеттер EXPO – 2017 көрмесіне алғашқы билеттер

Жаңа жылдық мереке аясында 23 желтоқсан күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық құттықтауларымен Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі қонаққа келді.

Мерекелік қонаққа көптен күткен жаңа жылдық аяз ата мен қарша қыз да келді. Балалар тақпақтар айтып аяз атадан сыйлықтар – жұмсақ ойыншықтар, кітаптар, үстел үстілікойындарға арналған  құралдар алды. Бірақ ең басты сыйлық Астана қаласына Экспо 2017 көрмесіне 15 билет болды. Балалар сыйлыққа қатты қуанды, оларда енді бүкіл әлемдік көрмеге барып өз көздерімен көруге мүмкіндік пайда болды. Мерекенің аяғында балалар келген қонақтарға алғыстарын білдірді, оларға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын беріп, келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. 

Жария етті admin | Күні 15-12-2016, 11:27

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен!

         Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында мерекелік концерт болып өтті. Балалар  Отан, достық, патриоттық туралы әндер орындады. Өлең жолдары мен құттықтаулар үш тілде орындалды. Балалар ауылының басшысы Білім беру басқармасы, Павлодар облыстық ғылым және білім мамандандырылған қызметкерлер одағы және «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалынан келген алғыс хаттар мен мақтау қағаздарды тапсырды. Мерекенің басты сыйы – құттықтау – балалар ауылының кішкентай тәрбиеленушілерінен презентация.

Жария етті admin | Күні 14-12-2016, 14:13

«Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» сурет конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың желтоқсан айында балалар ауылының тәрбиеленушілері «Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан!» атты қашықтықта Республикалық конкурсына қатысты.

Қатысушылар өз жұмыстарын асқан шығармашылықпен, ынтамен дайындады. Конкурсқа барлық жас ерекшелігіндегі баалар қатысты.

Сонымен ел тәуелсіздігінің күніне орай конкурс ұйымдастырушылары қорытындысын жариялады. 1 орын – Флекман Богдан мен Путиков Сергей, 2 орын – Галиева Карина, Слюсарь Кристина, Беркутова Нуржайна, Роот Татьяна, 3 орын – Галиев Тимур мен Баранчукова Викторияға бұйырды. Сонымен қатар тәрбиеші-ана Жунусова С.Т. өз жұмысын ұсынып, 3 орынды иеленді. Қатысушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Шығармашылық табыстар тілейміз.

 

 

Жария етті admin | Күні 2-12-2016, 14:09

«Шақырылған кешкі ас» - Үздік әлеуметтік жоба

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында 2 желтоқсан күні Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Н.В.Дычко қатысуымен еріктілердің Облыстық форумы болып өтті.

         Форум аясында «Жыл еріктісі» облыстық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Шақырылған кешкі ас» жобасы үздік деп танылды.

Жария етті admin | Күні 30-11-2016, 10:30

Тұған Президент күні Тұған Президент күні

30.11.2016 жылы балалар ауылының жиын залында Тұңғыш Елбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Ұлт басшысы – еліміздің болашақ өркендеуінің кепілі» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты біздің еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық тарихын таныту болып табылады.

Шараға жоғары сынып оқушылары қатысты. Әрбір отбасынан бір тәрбиеленуші. Іс-шара басында Тұңғыш Елбасы туралы фильм көрсетілді. Балалардың барлығы белсенді қатысып, бір-бірін қолдап отырды. Жауап бергенде кеңінен айтуға тырысты. Жаратылыстану мен тарихтан білімдерін көрсетуге тырысты. Демеушілер өз қатысушылары үшін уайымдағандары анық көрінді. Көрермен-балаларға шара қатты ұнады. Әрбір қатысушы балалар ауылының ақшалай валютасына айналған «Добриктар» купонымен марапатталды. 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.