Жария етті admin | Күні 22-05-2017, 11:56

«Екі жұлдыз» байқауының финалдық концерті «Екі жұлдыз» байқауының финалдық концерті

Балалар ауылында «Екі жұлдыз» байқауы бұл сайыс емес бұл мереке. Байқау қорытындысы бойынша финалға 6 жұп өтті. Байқауға дайындық бір аптаға созылды. Әр қатысушы өз нөмірін жарқын және өзгеше өткізуге тырысты.

Концерт соңында әділ қазылар қорытындысын жариялады: бас жүлде иегері қосымша білім беру педагогы Дюсембаева У.К. мен Алинаның жұбы таңдалды. Олар ән жанрында «Шарики воздушные» әнін орындаған болатын. Осы байқауға орай олар тігін шеберханасында киім дайындапты. Бірінші орын би маманы Мальчиковская Г.Н. мен Балапанова З. Жұбы иеленді. Олар заманауи тұрғыда жаз туралы ән айтып, бүкіл залды таң тамаша қылды.

Екінші орынды ән жанрында өздерін жақсы көрсеткен тәрбиеші-ана Нургалиева Б.Т. мен Надя және тәрбиеші Луб Н.В. мен Марзия көркемсөз оқу жанрынан ерекше көзге түскен екі жұп бөлісті. Үшінші орынды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен тәрбиеші-ана Капенова Б.Х. мен Света, «Что такое хорошо, что такое плохо» көркемсөз оқу жанрымен тәрбиеші-ана Акпанбаева К.Ш. және кішкентай Сергей өзара бөлісті. 

Жария етті admin | Күні 19-05-2017, 11:52

«Екі жұлдыз» байқауының екінші кезеңі «Екі жұлдыз» байқауының екінші кезеңі

       19 мамыр күні «Екі жұлдыз» байқауының екінші кезең болып өтті. Аталған кезеңде қосымша білім беру педагогы мен тәрбиешілер өзара ән, би мен көркемсөз оқудан жарысты. Қорытындысында финалға келесі дуэттер өтті: Мальчиковская Г.Н. мен Балапанова З., Дюсембаева У.К. мен Алина К., Луб Н.В. мен Марзия. 

Жария етті admin | Күні 17-05-2017, 11:49

Балалар ауылында «Екі жұлдыз» Балалар ауылында «Екі жұлдыз»

     17 мамыр күні жыл сайынғы «Екі жұлдыз» байқауының сараптау кезеңі басталды. Байқауға қатысушылар жасырылған қағаз тарту арқылы өз шығармашылық нөмірлерін қай жанрда дайындайтынын анықтады. Жанр ішінде: ән, би мен суретті сөз болды. Бірінші кезеңде тәрбиеші-аналар жарысты. Байқау қорытындысына орай финалға тәрбиеші-ана Нургалиева Б.Т. мен Надя, тәрбиеші-ана Акпанбаева К.Ш. және Сергей С., тәрбиеші-ана Капенова Б.Х. жұбы Света дуэттері ақтық кезеңге жолдама алды.  Қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тілейміз.

Жария етті admin | Күні 10-05-2017, 14:21

Жеңіс күнімен! Жеңіс күнімен!

       Жыл сайын Ұлы Жеңіс күнінде «Болашақ» еріктілер орталығының тәрбиеленушілері педагогикалық еңбек ерлері мен 1936 жылға дейін дүниеге келген ардагерлерді келе жатқан мерекесімен құттықтайды. Балалар Жеңіс күнімен құттықтап Кенжекөл мен Байдала аулының 40 зейнеткеріне азық-түлік жинағын сыйға тартты. Орнына тәрбиеленушілер алғыс сөздер мен жастарға айтатыны көп ардагерлер тарихын естіп жатты. Соғыс пен еңбек ардагерлеріне денсаулық тілейміз!

Жария етті admin | Күні 10-05-2017, 11:46

Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт

      10 мамыр күні жиын залында Ұлы Жеңіс Күніне арналған мерекелік концерт болып өтті. Концерттік бағдарламаны оқушылар ардагерлердің ұлы істері туралы тақпақтарымен ашты, одан кейін тәрбиеленушілер мен балалар ауылының ұжымы ардагерлер рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Орта сынып қыздары әскери әндер жинағынан үзінді жасап орындады. Ең көп күтілген нөмір балалар ауылының үлкен сынып оқушыларынан вальс болды. Шара соңында балалар жолақты біздің өңірдің ардагерлер суретіне толтырып, жеңіс пен ашық аспан үшін алғыс ретінде тақпақтар оқыды. 

Жария етті admin | Күні 6-05-2017, 14:06

«Қазақстан өнерлілері» «Қазақстан өнерлілері»

6 мамырда Естай атындағы мәдениет сарайында  би мен вокалдан «Қазақстан өнерлілері» атты байқау болды. Би бойынша «Эстрадалық би» жанрынан «Just dance» би үйірмесінің орта тобы «Сенсация» биімен қатысты. Байқау қорытындысына сай қыздар 2 орын үшін дипломмен және жеклей мақтау қағазымен марапатталды. Құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!

Жария етті admin | Күні 5-05-2017, 14:01

«Отбасына барғым келеді» акциясы «Отбасына барғым келеді» акциясы

        5 мамыр күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Отбасына барғым келеді» акциясы өтті. Аталған акцияға Астана, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Ақсу, Железинка, Баянауыл, Қашыр және Лебяжі ауданы мен Кенжекөл ауылынан 69 қонақ келіп қатысты. Акцияның басталуы сағат 11.00, қонақтар станцияларда тапсырмалар орындай жүріп, балалар ауылының барлық тәрбиеленушілерімен танысып жайлы жағдайда әңгіме сұхбат жүргізе алды. Жалпы флешмоб, концерт пен ағаш отырғызу балалар мен қонақтар арасын тіптен жақындастыра түсті. Осы акция балалы болуды армандап жүрген адамдарға және отбасына барғысы келетін балаларға көмектесіп, олардың тілектерінің орындалуына негіз болады деген сенімдеміз.

Жария етті admin | Күні 4-05-2017, 14:13

Кенжекөл ауылында Жеңіс алаңын жөндеу Кенжекөл ауылында Жеңіс алаңын жөндеу

      1-5 мамыр аралығында балалар ауылының тәрбиеленуші-еріктілері Жеңіс алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Балалар Жеңіс-соғыс алаңына жақпа жұмыстарын, қашалған тасты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бояу, тазалау жұмыстары да жүргізілді. Жас «Болашақшылар» шаршады, бірақ жасаған жұмыстары көңілдерінен шықты, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлер рухы өз ауылына мейірімді іс әкеп  жатқанын мақтан етті.

Жария етті admin | Күні 29-04-2017, 14:08

Лазертаг жеңімпаздары

      29 сәуірде балалар ауылының тәрбиеленушілері спорт лазертаг ІҮ турниріне қатысты. Турнир қорытындысына сай тәрбиеленушілер белсене қатысқандары үшін 2 орын алып, сыйлыққа 6 адамға пейнтболға сертификат алды. 

Жария етті admin | Күні 25-04-2017, 14:05

Кіші олимпиада ойындары Кіші олимпиада ойындары

Балалар ауылының тәрбиеленушілері мамыр айында дәстүрлі түрде 13 кіші олимпиада ойындарында Павлодар облысы балалар үйі арасынан қатысты. Жарысқа 102 тәрбиеленуші қатысты. Жарыс баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі ойындары бойынша өткізілді.  

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.