Жария етті admin | Күні 2-02-2017, 12:03

Балалар ауылында дәстүрлі «Шақырылған кешкі ас» жобасы басталды Балалар ауылында дәстүрлі «Шақырылған кешкі ас» жобасы басталды

2 ақпанда көптен күткен «Шақырылған кешкі ас» жобасы басталды. Биылғы жылы жобаға 11 сынып түлектері қатысады: Балапанова Зарингуль, Галиев Тимур, Петрова Юлия, Долинский Евгений, Роот Татьяна, Бубеков Виктор, Чупин Алексей, Бондарев Дмитрий, Лукина Жанна, Слабкина Азиза, Бекирова Ангелина, Колчин Давыд.

2017 жылы 11 сыныпты 12 тәрбиеленуші бітіреді. Өздерінің жеке өмірінде пайда болатын бірінші мәселе өздеріне тамақ дайындау (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас). Сондықтан осы жылы жобаның бірінші бөлімінде балалар таңғы асты жалпы отбасыға дайындайды, оның ішінде келесі тағамдар болу керек: жұмыртқа мен омлет, блины мен оладьи, ірімшік қосылған варениктер, гренки, драниктер, сонымен қатар сүттер ботқа немесе сорпа жасау керек. Таңғы асқа сусындар да әртүрлі: кисель, компот, кофе, какао немесе шай.

Балалар азық-түлікті «Лидер» супермаркетінен үш таңғы асқа жалпы соммасы 2700 теңгеге алды, сондықтан сауда үнемді және керегі алынды. Балалар өз саудаларын үлкен қуанышпен жасады, не алу керектігін ақылдасты, өз таңғы астарын қалай әдемі жасау керек және қалай үнемдеу керектігін де ойластырды. Сауда жасалды, алда жауапты кезең – таңғы асты дайындау. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Жария етті admin | Күні 2-02-2017, 11:52

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декаданың ашылуы. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декаданың ашылуы.

2 ақпан 2017 жылы Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декаданың ашылуы болды.

Декада балалар ауылының басшысы Динара Жоломановнаның салтанатты жиыны мен құттықтауымен ашылды. Ол сонымен қатар декаданың өту жоспарымен таныстырды.

Ары қарай балалар «Барлығы махаббаттан басталады» атты фильм көрді, ол көрініс жан құндылығы «Өзін-өзі тану» білім беру жобасының авторы өмірбаяны мен қызметі – Сара Алпысқызы Назарбаева туралы болатын. Балалар ауылының шағын орта тобы махаббат, татулық, мейірімділік туралы өздерінің тақпақтарын айтып, «Светит солнышко для всех» керемет көңілді әндерін орындады. «Толқын» отбасының балалары «Жан құндылығы» туралы шағын көрініс көрсетіп барлығының жүрегін баурап алды. Сонымен қатар Абай Құнанбаев, Сократ, Януш Корчак және т.б. «Өзін-өзі тану» пәнінде кездесетін философтар мен әлем ойшылдарының шығармашылықтарымен таныстырды.

       Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты «Әлеуметтік жұмыс, өзін-өзі тану» мамандығы бойынша тәжірибеден өтуші студенттер белсене ат салысып, өзін-өзі тану пәнінің ұстаздарының әнұранын шырқады. Кристина С. «Радость, привет!» көңілді әнін шырқады.

Жария етті admin | Күні 1-02-2017, 12:00

ОДН инспекторымен кездесті

1 ақпан 2017 жылы орта және жоғары буын тәрбиеленушілері ОДН инспекторы Б.Елемесовпен кездесіп, «Жастар арасында терроризм мен экстремизмді жою» тақырыбында әңгіме жүргізді. Әңгіме қызықты және жанды өтті, балалар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Инспектор өз әңгімесінде жастар арасында экстремизмнің өсуіне көңіл қойып айта кетті.  Экстремизм мен терроризм жағдайлары білінген кезде не істеу керектігі туралы ұсыныстар берді. 

Жария етті admin | Күні 31-01-2017, 11:42

Қалалық мәдени орталықтан көңілді шара. Қалалық мәдени орталықтан көңілді шара.

31 қаңтарда балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қонаққа Павлодар қаласы мәдени орталығынан келді.

Шара көңілді Бом есімді клоунмен кездесуден басталды, олар «Домовенок» театр тобының балаларымен бірігіп әлемдік Универсиада – 2017 студенттік-жастар спорт жарысы туралы айтып берді.

        Сонымен қатар балаларға қысқы спорт ойындары туралы жұмбақтар жасырды, балалар олардың кейбіреуін бірден тауып жатты. Біраз ширау үшін балалар клоунмен бірге жаттығу жасады. Орталықтың талантты жас орындаушылары әдемі әндер мен билер биледі, тәрбиеленушілер мен тамашалаушы халық оларға қол соғып қошамет көрсетті.

Жария етті admin | Күні 25-01-2017, 11:33

«Үздік тәрбиеленуші» жобасының қорытындысы өтті «Үздік тәрбиеленуші» жобасының қорытындысы өтті

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жыл сайын «Үздік тәрбиеленуші» жобасы өтеді.

Балалар ауылында тәрбиеленушілер 9 үйде тәрбиеші-анамен бірге тұрады. Тоғыз үйдің әрбіреуі отбасы кеңесінде «Үздік тәрбиеленуші» атағына кімнің лайықты екенін анықтайды. 9 үміткердің барлығы «Үздік тәрбиеленуші» атағына неге лайықтымын деген тақырыпта эссе жазып, ішіне өзінің бір жылдық жетістіктерін көрсетеді.

Әрбіреуі өзінің жазған эссесін қорғап, неге «Үздік» деген атқа лайық екенін түсіндіреді. Осы жылы өз отбасыларында үздік тәрбиеші: Әділ Б., Артем Г., Надя П., Марзия С., Виктор В., Азиза С., Кристина С., Света К., Нуржайна Б. болды, сонымен балалар ауылының «Үздік тәрбиеленушісі» Карина Г. болды.

    Қолдау мен марапаттау үшін тәрбиеленушілер Батырмол ойын-сауық орталығында орналасқан «Southern Fried Chicken» ресторанына барып жақсы көңілмен тамақтанып әңгімелесіп қайтты. Сонымен қатар үлкен экранда мультфильмді тамашалаумен «Festival cinema» кинотеатрына барды. Бұл күн қуаныш пен жарқын сәттерге толы болды, балаларға қатты ұнады.  

Жария етті admin | Күні 19-01-2017, 11:58

«Тамақтану және сервис колледжі» концерттік бағдарламамен «Тамақтану және сервис колледжі» концерттік бағдарламамен

Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Павлодар тамақтану және сервис колледжі» концерттік бағдарламамен бірінші рет келіп тұрған жоқ. 19 қаңтар күні жиын залында музыкалық жетекші Султанов Т.С. басшылығымен концерттік бағдарлама өтті. Колледж студенттері Отан, махаббат, бала туралы әндер шырқады.

 

 

 

Жария етті admin | Күні 18-01-2017, 11:56

«Бизнес семья» жобасының аукционы «Бизнес семья» жобасының аукционы

18 қаңтарда балалар ауылының кітапханасында «Бизнес семья» жобасының көптен күткен аукционы болды. Тәрбиеленушілер өздерінің «Добрики» деп аталатын тұрғылықты ақшалар жинап, қорытындысында аукционнан әртүрлі заттар ала алады.

Әр отбасынан бір тәрбиеленуші қатысты. Аукционда түрлі заттар сатылып алынды: фотоаппарат, телефон, электрлі вафли пісіргіш, клавиатура, компьютерге арналған тышқан, шашқа арналған үтік. Сонымен қатар кеңсе заттары да сатылып алынды: қағаз, файлдар мен папкалар. Ең қажеттісі «Үш айға интернетті төлем» сертификаты болды. Оны «Нур» отбасы сатып алды, солайша «Бизнес семья» жобасының 2016 жылғы жеңімпаздары болды. Аукцион керемет өтті. Әрбіреуі өз отбасына керек және пайдалысын алғысы келді, сонымен қатар «Добриктерін» үнемді түрде жұмсауды ойлады.

 

 

Жария етті admin | Күні 12-01-2017, 11:34

 «Болашақ энергиясын іздеу жолында»  «Болашақ энергиясын іздеу жолында»

12 қаңтар күні балалар ауылына Павлодар қаласы жастар бастамасын қолдау Орталығынан «Болашақ энергиясын іздеу жолында» ойынымен қонаққа келді. Ойынға 9-11 сынып тәрбиеленушілері қатысты. Квест халықаралық «Экспо 2017» көрмеге арналды,  оның мақсаты балаларды болашақ энергиясының ойын дайындау үрдісіне қызықтыру болып табылды. Басында балалар екі топқа бөлінді «Сарылар», «Көктер» одан кейін өз бағыттарын алды. Ойын барысында олар Экспо тақырыбынан шығатын жұмбақтардың шешімін іздеді. Қорытынды бойынша «Көктер» тобы жеңіске жетіп, диплом мен кубокқа ие болды. Балаларға ойын қатты ұнады және қызықты болды, ойын ұйымдастырушыларына үлкен рахмет осындай шара үшін.

Жария етті admin | Күні 10-01-2017, 15:39

 Сот төрайымымен кездесу  Сот төрайымымен кездесу

10 қаңтар күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының кітапханасында арнайы район аралық кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ісін қарайтын сот төрайымы Иванова Марина Анатольевна үлкен сынып балаларымен кездесу өткізді. Басында Марина Анатольевна балаларды «сот», «заңгер», «қорғаушы» мамндықтарымен таныстырды, ол мамандықтарды қалай алу керектігін айтып берді. Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексымен, Қазақстан Республикасы балалардың құқығын қорғау Заңымен таныстырды, сонымен қатар шынайы өмірде кездескен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді. Кездесу қызықты өтті, балалар сұрақтарын қойып, тиісінше жауап алып жатты. Аталған кездесу әлі талай тақырыптарда болады деген үміттеміз, қайта кезедсуді асыға күтеміз.

Жария етті admin | Күні 9-01-2017, 12:08

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында филармонияның мерекелік концерті Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында филармонияның мерекелік концерті

9 қаңтар күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қонаққа Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясынан келді.

Концертті Алтынбек Валиев пен Мадина Валиева жүргізушілер ашты. Әдемі әндерімен жас көрерменнің жүрегін жаулаған: Галия Ербол, Талант Каден, Руслан Жумабаев әншілер. Вокалдық топ «Самиан» және «Ретро» әртүрлі композициялар орындады. Филармонияның шығармашылық ұжымы балаларды түрлі музыка жанрларымен және музыка аспаптарымен таныстырды. Балаларға орындаулар қатты ұнады және әр орындаудың соңында шапалақпен құрмет көрсетті. Жауап ретінде балалар ауылының кішкентай тұрғындары тақпақтар мен әндер айтты.

Осындай шаралар балалардың шығармашылығын дамытуға өте пайдалы. Тәрбиеленушілер «Флейта», «Фотепиано», «Домбра» және «Вокал» мамандықтары бойынша музыкалық мектепте білім алады. Талантты орындаушылардан өздерін сахнада қалай ұстау керек, көрермендермен жұмыс жасау сияқты маңызды мәселелерді үйрене алады, себебі олардың барлығы – түрлі республикалық конкурстардың лауреаттары мен жеңімпаздары.

Балалар ауылының қабырғасында балаларды сахналық әншілер мен әртістік қабілетке машықтап, үлгі көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

 

 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.