Жария етті admin | Күні 6-01-2015, 14:29

  Балалар ауылында әр сейсенбі күні «У Дядюшки позитива» киноклубының отырысы өтеді. Бірінші жарты жылдықта өз мақсаттары мен қажеттіліктерін ойлап, түсінуге, достық, бір-біріне көмекке келуді дамытуға бағытталған фильмдар мен мультфильмдар көрсетілді.

  Биыл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы атап өтіледі, осыған байланысты екінші жарты жылдықта соғыс тақырыбына арналған фильмдер көрсетілетін болады. Бұл – тарих, ерлік үлгісі, адамдардың қайсарлығы. 

      

 

 

Жария етті admin | Күні 31-12-2014, 20:37

Қымбатты достар!

Жаңа 2015 жыл Сіздерге мықты денсаулық,

баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін!
Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін!

Жария етті admin | Күні 31-12-2014, 14:09

   31 желтоқсанда сағ 10:00-де балалар ауылының мерекелік безендірілген акт залында «Жаңа жыл қарсаңында бір күні» атты ертегілік шара өтті. Балалар ойындарға қатысып, ән-күйлерімен, жаңа жылдық құттықтауларымен қуантты. Мереке соңында Аяз Ата барлықтарына сыйлықтар сыйлап, жаңа жылда барлық жақсылықтар тіледі.

Жария етті admin | Күні 25-12-2014, 13:57

 2014 ж 24 желтоқсанда Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында  «Қуан сәби» атты мерекелік шара өтті. Акт залы осы мерекеге арнайы жасалған шарлармен, гүлдермен безендірілді. Мереке барысында «Әр балаға-бақытты отбасы» атты балалар суреттерінің көрмесі ұсынылды.

Жария етті admin | Күні 1-12-2014, 14:33

   Бірінші президент күніне орай 1 желтоқсанда «Біз лидерді таңдаймыз» атты шара зияткерлік ойын түрінде өтті. Шараға жоғары сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтің саяси қызметі туралы білімдерін анықтау.

Жария етті admin | Күні 11-11-2014, 14:18

  11 қараша – Кенжекөл ауылының туған күні. Осы мерейтойға арнап балалар өлең жаттап, ән-билер дайындады, әрқайсысы қатысып, дайындық барысында көмектесуге тырысты. Балалар ауылы мерейтойы достық шеңберінде аталып өтілді. Мерекеге жақын достар, қызметкерлер, бұрынғы тәрбиеленушілер, Астана қаласынан қонақтар, сонымен қатар, балалар ауылының бұрынғы қызметкерлері де келді.

Жария етті admin | Күні 17-09-2014, 12:54

   2014 жылдың 24 кыркүйегінде 7-11 сынып тәрбиеленушілері «Бақыттың табиғат мектебі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Ефремовка ауылына ағаш отырғызуға барды. Тәрбиеленушілер 300-ден  астам түп ағаш отырғызды. Еңбек десанты табиғат аясында шай ішумен аяқталды. Келесі ағаш отырғызу акциясы 2015 ж біздің балалар ауылында жоспарланған. 

Жария етті admin | Күні 20-06-2014, 11:19

   Темекі тартудың алдын алу бойынша айлық шеңберінде 18 қарашада «Темекісіз әлем» шарасы өтті. Тәрбиеленушілер көрермендер назарына «Муха-цокотуха» ертегісін ұсынды. Ертегі кейіпкерлері «Мен темекі тартуға қарсымын» флеш-моб өткізді. Шара барысында никотиннің адам ағзасына тигізетін әсері туралы сөз қозғалды.

 

 

Жария етті admin | Күні 14-05-2014, 20:53

   Міне, мамыр айы туды. Барлығы бұл айды асығыстықпен күтті. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Достық фестивалі» өтті. Әр отбасы Қазақстанда тұратын ұлттардың, атап айтатын болсақ, қазақ, неміс, кәріс, өзбек, ұйғыр, орыс  ұлттарының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бойынша қойылымдар дайындады.

 

 

Жария етті admin | Күні 7-04-2014, 20:52

   Балалар ауылында 19 наурызда Ұлыстың ұлы мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.  Мереке барысында әртүрлі әндер айтылып, билер биленді. Әр ұлттың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Мейрам барлығының көңілінен шықты. 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.