Жария етті admin | Күні 15-02-2015, 19:37

    «Балалар балаларға» волонтерлік қозғалыс шеңберінде жексенбі 15 ақпанда біздің ауылға  Президенттік мектептен Жақсылық Дулатқызының жетекшілігімен 7-9 сыныпта білім алатын мейірімді достарымыз келді.  Біздің балалар көңілді қарсы алды: амандасты, құшақтасты, у-шу болып акт залына кірді. Ойын-сауық басталды: сиқыршы сабын көпіршіктерімен әр түрлі өнер көрсетті. Балалар үлкен әсерге бөленді. Зияткерлікке,  қазақ тілін қаншалықты білетіндігіне,  тапқырлыққа, ептілікке бағытталған ойындар ойналды. Ойындардан тыс қалған бала болған жоқ, барлығы белсенді қатысып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Кездесу соңында Лаура Болатқызы «Мерекем» әнін шырқады, бұл би кешінің бастамасы болды. Қонақтар кетер алдында жағымды жаңалық айтты. Сара Алпысқызы Назарбаеваның үлгісіне ере отыра, балалар мен ата-аналардың бастамасы бойынша Назарбаев мектебі Қайыр Гайнутдинов пен Софья Флекманның атына МБЖШ шотының ашылатынын хабарлады. Құттықтаймыз! Балалар мен ата-аналарға айтар алғысымыз шексіз! 

Жария етті admin | Күні 15-02-2015, 19:27

   Бүгін біз, балалар ауылының балалары, Ауғанстаннан совет әскерлерін шығару күніне орай ұйымдастырылған  концертте болдық. Біздің ауылға жиі келетін жақын достарымызбен кездестік. Осындай шараға қатыса отыра, Ауған әскерилерінің соғыста құрбан болған достарына құрметпен карайтынын түсініп, бізде де бейбіт Отанымызға, Ауғанстанда қаза тапқандардың аналарына, Ауған әскерилеріне деген патриоттық сезім оянды. Концерт бізге өте ұнады, барғанымызға өте қуаныштымыз.

 

Жария етті admin | Күні 13-02-2015, 19:48

Музейде

2015 жылы 13 ақпанда балалар ауылының тәрбиеленушілері Потанин атындағы өлкетану музейіне барды. Балалар өз көздерімен керемет археологиялық қазбалар, мамонт қаңқасы, мүйізі үлкен бұғы, қасқырдың арланы, құстар, түрлі көбелектер мен өрмекшілер, пайдалы қазбалар мен минерал түрлерін т.б. көруге мүмкіндік алды.

Біздің Павлодарлық батырлардың суреттері, қарулары, орден, медальдары, Ұлы Отан соғысындағы жерлестерімізге арналған стенд тәрбиеленушілердің ерекше қызығушылығын оятты. Балалар үлкен қызығушылықпен экскурсия жетекшісі әңгімесін тыңдап, сұрақтар қойды. Олардың қызығушылығы Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана емес, сонымен қатар, тылдағылар да болды. Балалар батырлар тізімін оқып, әр тәрбиеленуші таныс фамилия іздеді. Соңында көргендері туралы қызыға талқылады және музей экспонаттары жанында суретке түсті.

 

 

Жария етті admin | Күні 13-02-2015, 12:06

 Планетария әлемі

     13 ақпанда тәрбиеленушілер Катаев ат. облыстық оқушылар сарайына барды. Балалар планетария тарихымен танысты. Жұмсақ орындықтарға отырып, ғарыш әлеміне еніп,  бүкіл әлем құрылысы жайында  танымдық фильм тамашалады. Өз ой-өрістерін кеңейтті, жұлдыздар, күн, ай туралы білді. Балалар риза болып, көздерімен көруге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді. Балалар ғылым және техника бөлімінің меңгерушісі Айтжамал Айтқалиқызы Жұмажановаға алғыс білдірді.

 

 

Жария етті admin | Күні 13-02-2015, 12:03

        

    Бүгін 13 ақпанда «Болашақ» отбасы Қазақстан-Павлодар телеарнасының тікелей эфирінде «Ертіс таңы» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарлама барысында ана-тәрбиеші Толқын Есенқызы өз тәрбиеленушілерімен таныстырып, балалар ауылы туралы жалпы мәліметтер берді және отбасы құндылықтары туралы айтты. Балалар өз өнерлерін көрсетті: Юра, Камила, Римма «Жастар биі» күйін орындады, ал Камиль «Звездочка», Диас «Ана» туралы өлең оқыды.

 

 

Жария етті admin | Күні 12-02-2015, 11:59

   Бүгін 12 ақпанда тәрбиеленушілер ана-тәрбиешілермен бірге «Колос» мәдени сауық-орталығына барды. Концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналды. Концертті жүргізуші Костя Костин қазақ және орыс тілдерінде махаббат, бейбітшілік пен келісім, біздің еліміздің халықтарының бірлігі туралы айтты. Оның әр сөзі барлығының жүрегінен өз орнын тапты.

    Біз мәдени орталықтың ұжымына нағыз өнерді тамашалауға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Олардың жүрегінің мейірімділігі таусылмасын! Балалар мен ересектер осындай кездесулер жиі болсын деген тілек айтты. Үйлеріңізге бақыт тілейміз!

Жария етті admin | Күні 12-02-2015, 09:13

    2015 жылдың 12 ақпанында балалар ауылында Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған мерекелік концерт болды. Балалар еліміздің ұлы Анасын құттықтады. Мерекелік бағдарламаны балалар ауылының хоры «Туған күніңмен» әнімен бастады, ән орындалып болған соң, балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ана-тәрбиешілерге таратты. Жүргізушілер Сара анамыздың жасаған барлық жақсылықтарын еске салды: Бөбек қорын басқару, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға және жетім балаларға көмек, есеп шот ашу, соның арқасында тәрбиеленушілер мемлекеттік жинақ қоры жүйесінің салымшылары және алғашқы қордық иегерлері атанды. Қыздардың ортаңғы би тобы бірінші рет «Көкек» украин биін биледі. Сәбилер тобы «Латина Микс» биімен көрермендердің көңілінен шықты, «Фея Сна» нөмірімен жан шуағын оятты. Самойленко Юрий домбырада атақты композициялардан попурри орындады. Ленчин Камиль ерекше өлеңін еліміздің ұлы анасына арнап оқыды. Чижевская Милана «Анашым» әнін шын жүректен орындады. Сонымен қатар, балаларға банктегі есеп шотына сертификат берді. Мерекелік шара Чижевская Милананың «Подари улыбку миру» әнін орындаумен және барлық әртістердің шығуымен көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.

Жария етті admin | Күні 10-02-2015, 14:09

   10 ақпанда Кенжекөл балалар ауылында «Әлеуметтік серіктестік арқылы «СемьЯ» тәрбиелеу жобасын жүзеге асыру» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа балалар ауылының достары келді: «Дешали» компаниясы, «Казэнергокабель» АҚ, әлеуметтік-волонтерлік орталық, «Жас қанат» волонтерлік орталығы және Кенжекөл орта мектебі.

  Дөңгелек үстел басында өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды, оң тәжірибелер аталып өтілді, болашақта ынтымақтастықты жалғастыру жолдары анықталды.

   МБЖШ шотын ашу, түлектерді жұмысқа орналастыру, балалар ауылы базасында волонтерлік қозғалыс құру, сонымен қатар, волонтерлік орталық үйірмелерінің өзіндік тұсаукесері шеңберінде «Шебер күнін» өткізу мәселелері көтерілді.  

Жария етті admin | Күні 9-02-2015, 10:41

Сурет байқауы      Сурет байқауы

 

2015 жылдың  9 ақпанында Кенжекөл  ауылының  отбасы үлгісіндегі  балалар  ауылында  Ұлы  Отан соғысының  70 жылдығына арналған шара жоспары бойынша   «Соғыс... Одан асқан қайғылы сөз жоқ» атты балалар суреті байқауы өткізілді. Балалар ауылының  1-6 сыныптарда оқитын әр тәрбиеленуші  өз суретін тапсырды. 

Байқау қорытындысы:

Бас жүлде – Чижевский Мичеслав (25 доб.)

1-орын – Галиев Артем, Слабкин Рустам (20 доб.)

2-орын – Галиева Карина, Коробицина Люда, Чембура Данил (18 доб.)

3-орын – Жакипова Камила, Петрова Оксана, Иконников Вова, Ермоленко Галя (15 доб.)

«Жеңіске деген құштарлық» номинациясы – Ленчина Галина, Марущак Влад, Баранчукова Вика (15 доб.)   

Құттықтаймыз!!!

Жария етті admin | Күні 6-02-2015, 21:32

    Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша шаралар шеңберінде кітапханада «Жеңіске – 70 жыл» атты тақырыптық кітап көрмесі безендірілді. «Память павших будьте достоины» кітапханалық сағаты өтті. Шараға Римма Самойленко, Кристина Слюсарь, Илья Долинский, Николай Стяжкин белсенді қатысты.  

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.