Жария етті admin | Күні 14-05-2014, 20:53

   Міне, мамыр айы туды. Барлығы бұл айды асығыстықпен күтті. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Достық фестивалі» өтті. Әр отбасы Қазақстанда тұратын ұлттардың, атап айтатын болсақ, қазақ, неміс, кәріс, өзбек, ұйғыр, орыс  ұлттарының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бойынша қойылымдар дайындады.

 

 

Жария етті admin | Күні 7-04-2014, 20:52

   Балалар ауылында 19 наурызда Ұлыстың ұлы мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.  Мереке барысында әртүрлі әндер айтылып, билер биленді. Әр ұлттың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Мейрам барлығының көңілінен шықты. 

Жария етті admin | Күні 12-03-2014, 20:51

   Балалар ауылының тәрбиеленушілері Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» VIII халықаралық фестиваліне қатысты. Балалар хореография (қазақ биі), мәнерлеп оқу (Юра Самойленко мен Илья Долинский мемлекеттік тілде проза), «Маленькая принцесса», «Маленький принц» жанрлары бойынша егіздер Митя мен Милана Чижевскийлер өнерлерін көрсетті. Балалар үшін ең толқитын сәт марапаттау кезеңі болды.

   «Маленькая принцесса» жанры бойынша Милана Чижевская 2 орынға, ал «Маленький принц» жанры бойынша Митя Чижевский 3 орынға, «Мәнерлеп оқу» жанры бойынша Юра Самойленко 2 орын, Илья Долинский 3 орынға ие болды. Би ұжымы хореография жанры бойынша қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Тәрбиеленушілерге жүлделі орын алғандары үшін мақтау қағаздары, ескерткіш сыйлықтар берілді.

Жария етті admin | Күні 17-02-2014, 09:48

   14 ақпанда «Қыздар арасында» клубының отырысы акт залында өтті. Қонаққа бард әндерін орындаушы В.А.Кухарев пен музыкалық колледждің студенттері Екатерина мен Бахтияр келді. Қонақтар әртүрлі тілде әндер шырқады. Тәрбиеленушілер «Махаббатта шек жоқ ...» тақырыбында С.Есениннің махаббат жайлы өлеңдерін оқыды.  Кездесу барлығына өте ұнады. Соңында қонақтармен ескерткіш суретке түсті. 

Жария етті admin | Күні 12-02-2014, 20:48

   12 ақпанда Анамыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай дәстүрлі мереке өтті. Мереке барысында Анамыз Сара апаға арналған өлең-тақпақтар, әндер айтылып, билер биленді. Сонымен қатар, «Анамызға сыйлық» көрмесі ұйымдастырылды. 

Жария етті admin | Күні 11-02-2014, 20:49

  Балалар ауылының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері «Екі жұлдыз» конкурсына тыңғылықты дайындалды. Әділқазылар алқасын педагогикалық колледж, музыкалық колледж, «De Sheli» косметикалық компаниясының, «Городская неделя» газетінің өкілдері құрады. Барлығы 12 жұп қатысты. Жұптар театр өнері, ән, би, көріністі сахналау т.б. жанрлар бойынша өнерлерін көрсетті. Барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды. 

Жария етті admin | Күні 23-01-2014, 20:47

  21 қаңтарда «Қыздар арасында» клубының кезекті отырысы болды. Шараға жоғары сынып қыздары қатысты. Бұл жолы астрология тақырыбына арналды. Әрқайсысы туған күніне байланысты жұлдыз жорамалмен танысты. Отырыс барлығына өте ұнады. 

Жария етті admin | Күні 6-01-2014, 20:46

   25 желтоқсанда шағын орталық балалары мен 1-6 сынып оқушылары үшін Б.Ахметов ат. педагогикалық колледжі волонтерларының ұйымдастыруымен, ал 30 желтоқсанда балалар ауылының барлық балаларына арналған жаңа жылдық мереке өтті. Балаларды «Қазэнергокабель» АҚ мен Павлодар қ. волонтерлар қоғамдық бірлестігі құттықтап, әртүрлі сыйлықтармен қуантты. Сонымен қатар, Павлодар облысы білім басқармасынан тәтті сыйлықтар алды.  

Жария етті admin | Күні 30-12-2013, 20:47

   Балалар ауылының кітапханасында 12 желтоқсанда  дойбы турнирі болып өтті. Ойынға «Нұр» отбасынан Сергей Белов, «Балауса» отбасынан Андрей Галиев, «Балдәурен» отбасынан Вова Иконников, «Бота» отбасынан Илья Долинский, «Болашақ» отбасынан Женя Ленчин, «Бақыт» отбасынан Рүстем Слабкин, «Шапағат» отбасынан Лиза Слюсарь, «Айгөлек» отбасынан Давыд Колчин, «Толқын» отбасынан Сергей Путиков қатысты. Турнир қызықты да тартысты өтті. Соңында орындар анықталды: I орын Давыд Колчин,  II орын Сергей Путиков, III орын Илья Долинский. 

Жария етті admin | Күні 3-12-2013, 15:49

   Желтоқсан айында СӨС бөлімінің менгерушісі Р.Ш.Нұрахметова "Өкпенің созылмалы абструктивті аурулары, тері аурулары", "Керемет өмір сүру", "Дертті бірге жеңеміз» тақырыптары бойынша педагог қызметкерлермен тренинг өткізді. 

Загадочные и неповторимые шаблоны DLE для вашего портала.
Только русифицированные шаблоны Joomla помогут реализовать задумки.
Оптимизированные и стильные шаблоны WordPress для сайта на самом лучшем движке.
Элегантные и красивые шаблоны DLE являются лучшим помошников веб дизайнера.
Наверняка только такие шаблоны Joomla являются истинным выбором для ценителя прекрасного.
Не нужно думать и представлять, что шаблоны ВордПресс не могут быть верхом строгости и лаконичности.
Попробуйте выбрать только креативные шаблоны DLE и сконструировать уникальный проект.
Эти современные и легкие шаблоны Юкоз станут оптимальным способом украсить любой веб проект.