Кенжекөл ауылының «Әскери-спорттық эстафетасы»

Көру: 20

Ð154;енжекөл аÑ131;Ñ139;лÑ139;нÑ139;ң «ӘÑ129;кеÑ128;и-Ñ129;поÑ128;Ñ130;Ñ130;Ñ139;қ Ñ141;Ñ129;Ñ130;аÑ132;еÑ130;аÑ129;Ñ139;» Ð154;енжекөл аÑ131;Ñ139;лÑ139;нÑ139;ң «ӘÑ129;кеÑ128;и-Ñ129;поÑ128;Ñ130;Ñ130;Ñ139;қ Ñ141;Ñ129;Ñ130;аÑ132;еÑ130;аÑ129;Ñ139;»

Ауған ардагерлерінің құрамы бастамасымен  Павлодар облысының балалар үйлері тәрбиеленушілері мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  үшін білім беру ұйымдары арасында 6 жыл аралығында әскери-спорттық эстафета жүргізіледі.

Эстафетаның негізгі мақсаты болып адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу деңгейін көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау, ерлікті, Қазақстан армиясының дәстүрлерін, мемлекет азаматтарының  адамгершілік қасиеттерін насихатттау болып табылады.

Эстафета 2018ж, 3 мамыр күні өтті. Онда 12 жастан 16 жас аралығында 3 кезеңнен тұрды. 5 топ сайысты. Сапта әскери ән айту, АКМ жинау мен бөлшектеу, гранатаны лақтыру, оқ салынған жәшікті көшіру, жарақатталған адамды жеткізу, санитарлар байқауы, противогаз кию, кедергілер жолағын өту, арқан тарту, жалпы әскери қорғаныс комплектің кию сияқты байқауларда сайысты.

Жас жауынгерлерге қонаққа Павлодар облысының Нұр Отан партиясының төраға орынбасары Ж.Т.Тайкебаев., облыс мәслихатының депутатық фракцияның басшысы және облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері  А.К.Оспанова.,  қорғаныс істері жөніндегі  басшының орынбасары  Д.А.Гуксман., 6679 әскери бөлімінің  үрмелі аспаптар оркестрі келді.

Және де эстафетаға  облыстың ІІД арнайы жедел әрекет ету отрядының жауыенгерлері шақырылды. Олар жауынгерлік шыдамдылық , тәртіп, рухтың күшін көрсетті.

Әскери-спорттық эстафета  отта жасалған палау  мен қатысушыларды марапаттаумен аяқталды. Қорытынды бойынша жеңімпаз болып, Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері тобы атанды. 2 және 3 орынды өзара Қашыр балалар үйі мен Екібастұз балалар үйі «Үміт» бөліп алды. «Ак-47» атқыштар клубы нысанаға дәл тигізуді өткізді. Ең дәл тигізу Қалқаман балалар ауылы тобы болды.

Әскери – спорттық эстафетаның  ұйымдастырып, өткізіп  қолдағаны үшін Ауғанстан ардагерлерінің қоғамына  рахмет айтамыз. «Бұл іс-шараны дәстүрлі деп санауға болады және осы жылдан бастап эстафетаның бастауы болып, Кенжекөл ауылының балалар ауылы болып саналады»- деді басшының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Жусупекова.

Ұқсас жаңалықтар