«Райса сән театры» бізде қонақта

Көру: 64

«РайÑ129;а Ñ129;ән Ñ130;еаÑ130;Ñ128;Ñ139;» бÑ150;зде қонақÑ130;а Â«Ð Ð°Ð¹Ñ129;а Ñ129;ән Ñ130;еаÑ130;Ñ128;Ñ139;» бÑ150;зде қонақÑ130;а

27 сәуір күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Райса сән театрымен кездесті. Бұл кездесу Наурыз мерекесінің 40 күн аралығында тойлау барысында өткізілді. Алғашқы сөзді Райса сән театрының директоры Райса Жумашевна Раимбекова сөйледі.  Содан соң жас модельдер заманауи және эксклюзивті ұлттық киімдерді көрсетті. Балалар киімнің тарихын білді.

Кездесуде «Мисс Павлодар-2017» Темерханова Сания қаттысып, балалармен фотосессия жүргізді.

Ең қызықты сәттердің бірі ол Фарида сән театры дизайнерінен орамалды қалай сәнді тағу жөнінде мастер-класс өткізді. «Будуар» сән және эстетика орталығының директоры Ольга Некрытая өз шеберлерімен бірге шашты қалай сәнді өріп, голливудтық толқындарды бұйралауын көрсетті.

Барлық қатысушылар бір-бірімен араласып, қуанышқа бөленді. Кездесу сән туралы әңгімелер және «Стилист», «Дизайнер» сияқты мамандық туралы әңгімелесумен аяқталды. 11 сынып оқушысы Букенова Диана: «Мен өз мамандығымды бұрыннан таңдап қойдым, ол «Стилист» мамандығы. Ал бүгін мен ол мамандықтың өте беделді және  заманауи қоғамда сұранысқа ие екеніне көз жеткіздім.

Ұқсас жаңалықтар