Кенжекөл балалар ауылының Алғыс айту күні

Көру: 985

Кенжекөл балалар ауылының Алғыс айту күні Кенжекөл балалар ауылының Алғыс айту күні

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ Алғыс айту күнін асыға күтуде. Бұл күні адамдар бір-біріне жүрек жылуын, қамқорлығын және алғыстарын айта алады.

Балалар ауылында алғыс айту күнін тойлау шеңберінде «Жүректен жүрекке» акциясы өткізілді. Олар өздері  қағаздан жасаған құттықтауларын Кенжекөл әкімшілігінің қызметкерлеріне, мектеп педагогтары мен музыкалық мектеп ұстаздарына табыстап Кенжекөл ауылының ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айтты.

Ең толқулы сәт, ол балалардың Сара Алпысқызына хат жазғаны. Әр бала өз мейрімділігі мен махаббатын білдіре алды.

1 наурыз күні «Сізге рахмет» атты мерекелік концерт өтті. Осы күні балалар ауылының достары шақырылды:  Қазақстан Республикасының БҰҰ өкілі Науман Юлия Владимировна, Кенжекөл ауылының әкім аппараты, Кенжекөл орта мектебінің оқушылары, «Казэнергокабель» АҚ, «Позитифф» отбасы клубы өкілдері, «Ертіс» ФК және «Индустрия чистоты» ЖШС.

9 сынып түлегі Путиков Сергей айтып кеткендей – «Бүгін осында біздің өмірімізге қуаныш пен жылу сыйлайтын  адамдар отыр. Көбінен біз үлгі аламыз. Болашақта оларға ұқсағымыз келеді. Сіздердің  мейіріміңіз бен  қамқорлықтарыңызды  біз бағалаймыз және ұзақ жылдарға достығымызды   сақтағымыз келеді. Біз барлық балаларды жақсы көңілмен қарағаныңызға алғыс айтамыз». Үлкен сынып оқушылары барлық тәрбиеленушілер атынан балалар ауылының тәрбиеленушілерін қарқорлық пен еңбектері үшін алғыс айтты. Тосын сый ретінде балалар өз қолдарынан жасаған сыйлықтар сыйлады.

Толқулы  сәттердің бірі ол Сара Алпысқызының мереке күніне   мемлекеттің барлық балаларына арнап құттықтау жіберді. Концерт «Джас Денс» би тобының көркем биімен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар