Балалар ауылында дәстүр призмасы арқылы ұрпақ тәжірибесі

Көру: 1009

Балалар ауылында дәстүр призмасы арқылы ұрпақ тәжірибесі Балалар ауылында дәстүр призмасы арқылы ұрпақ тәжірибесі

2017 жылдың қараша айынан «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ «Туған жер» бағдарламасының іске асыру шеңберінде  «Болашаққа қадам» бағдарламасы құрылған. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады: «Дәстүрлер тарихы», «Ұлы бабаларымыздың қалдырған ізі», «өткен, осы және болашақ көкжиегі».

Бірінші бөлім «Дәстүрлер тарихы», тәрбиеленушілердің  мәдени, рухани-адамгершілік құндылықтардың сақталуына және көбейтуіне бағытталған. Бұл бөлім бойынша Павлодар қаласының Бұһар Жырау атындағы  әдебиет және өнер мұражайы мен «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігімен ыңтымақтастық қойылған. «Дәстүрлер тарихы» 4 ай мерзімінде жалғасып жатыр, ақпан айында аяқталмақ. Бірлескен іс-шараларда балалар қазақ халқының дәстүрлерімен танысты: «Сырға салу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Құйрық бауыр», «Тілашар», «Қырқынан шығару». Бұһар Жырау мұражайының  экскурсоводы Тұрсын Мұсаевна : «Осындай іс-шаралардың көмегімен , балалар Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне жақын болып, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға байланысты білімдерін кеңейте алады. Тек тарихты білу жеткіліксіз, оның шығу тегін білу қажет. 

Ұқсас жаңалықтар