«Наурыз жыл басы» кітап көрмесі

Көру: 273

«Наурыз жыл басы» кітап көрмесі

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының кітапханасында көктемгі Наурыз мерекесі аясындда кітап көрмесі ұйымдастырылды. Наурыз – бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан көне мерекелердің бірі. Наурыз – бұл көктем мерекесі, жаңа өмір мен жаңа жылдың басталуы мен табиғаттың жаңаруы. Тәрбиеленушілердің белсенділері көрмеге сай келетін кіітаптарды таңдап, безендірді. Көрмеде мынадай кітаптар болды: «Алтыбақан», «Жеті қазына», «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Айтыс», «Ат жарыстары» және т.б. Балалар ауылының тұрғындары 17 наурыздан бастап көрмені аралап, кітаптармен танысты.

Ұқсас жаңалықтар