«Өмірге ИӘ деп айт!»

Көру: 223

«Өмірге ИӘ деп айт!» «Өмірге ИӘ деп айт!»

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ 10 ақпан мен 10 наурыз 2017 ж. аралығында «Өмірге ИӘ деп айт» мәлімет беру науқаны болып өтті.  Науқан «Өмір керемет! Босқа тәуекелге барма!» мәлімдемелерден басталды. Науқанның өту аясында педагогтар мен тәрбиеленушілерге арналған тематикалық стенд жаңарып жасалды, онда ғаламторды қалай қауіпсіз пайдалану керектігі туралы мәлімет берілді. «Ғаламтор қауіпсіздігімен қалай қамтамасыз ету керек?», «Қамқорлықтағы балалық шақ», «Жас тәрбиешіге көмек», «Біз өмірді таңдаймыз», «Сенім телефоны», «Қайда бару керек?» тақырыптарға буклеттер мен жаднамалар жасалып таратылды.

«Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбына фотосурет байқауы өтті. Конкурс қорытындысында әр отбасы өз шығармашылығын көрсеткен фото көрме өткізілді. Балалар әңгіме құрып, ойын жаттығуларын жасап, әр күнге жалпы өздерін жақсы сезіну жаттығуларын біліп, позитивті би қимылдарын көрсеткен «Өмір керемет! Босқа тәуекелге барма!» би флэшмобы болды. Науқан соңында 9 наурыз күні жиын залында инспектор Б.Елемесовпен «Ғаламторды қалай қауіпсіз қолдану керек» тақырыбында әңгіме жүргізді, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, бала құқығы, балалардың әлеуметтік желіде зиян шегуінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы да мәлімет берілді.

Ұқсас жаңалықтар