Кенжекөл балалар ауылындағы жаңа жыл

Көру: 211

Жаңа жыл – бұл ең мейірімді, ертегідей сиқырлы, балалардың жүректерінде ерекше орын алатын мерекенің бірі.  Бұл мереке тек қуаныш қана емес, шаттық пен күлкі сыйлайтын және ғажайыпқа сенетін мереке.

Жаңа жылдық ғажайыптар  «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ 22 желтоқсан күні басталды. Н.Клюев., Н.Беркутова., А.Кунадилов балалар ауылының тәрбиеленушілері Президенттік шыршаға қатысты. 25 желтоқсан күні Г.Ленчин., А.Кунадилова., Ш.Баширов облыс Әкімінің шыршасына барып келді. Жаңа жылдық шырша «Ертіс» қонақүйінде өтті. Балалар мереке мен сыйлықтарға мәз болды.

Ал қуанышты және естен кетпес кездесу болып 20 желтоқсан күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне достар, мұғалімдер, оқушылар  Назарбаев зияткерлік мектебі атынан  жана жылмен құттықтап келді. Алдымен мектеп директоры - Г.Э. Жукенова барлық көрермендерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жетістіктер мен үздік оқу тіледі. Содан соң мектеп оқушылары ойын-сауық ойындары мен шығармашылық нөмірлер дайындады. Әр тәрбиеленушіге аяз ата мен ақшақардан сыйлықтар таратылды. Балаларға өте ұнады, қызықты және көңілді өтті. Кездесу барлығына  жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.

25 желтоқсан күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мерекелік құттықтаулар мен сыйлықтар «Ертіс» ФК  ойыншылары мен футбол клубының персоналы келді. Футбол клубын қарсы алу үшін балалар кішігірім концерт дайындады. Қонақтармен бірге шырша жағып, шыршаны айналды. Мереке, балаларды спорттық жетістіктермен мадақтаумен аяқталды.  Мереке сонында балалар қонақтарды экскурсияға апарып, балалар ауылындағы өмір жайлы айтып кетті.

26 желтоқсан күні Кенжекөл ауылының Әкімі Серик Ниязбекович  бас болып,  толық ұжымымен  келді. Серик Ниязбекович шың жүрегінен балаларды құттықтап, үздік оқу мен денсаулық тілеп, сыйлықтар сыйлады. Кутейников Рустам тәрбиеленушілердің атынан қатысушыларға ризашылығын білдірді. Ал мини-орталықтың балалары жаңа жылдық өлең шумақтарын айтып берді. Мереке, жылы және достық атмосферасында өтті. 

0-4 сынып аралығындағы балалар мен мини-орталықтың балаларына жиналыс залында жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Мұнда ертегі кейіпкерлеріне педагогтар мен тәрбиешілер киінді. Ал 5-11 сынып аралығындағы балалар үшін жаңа жыл «4 комнаты» ойын-сауық орталығында өтті. Онда балаларға  арнайы бағдарлама дайындап,дәмді дастархан мен сыйлықтар күтті.

Қараша айында әр тәрбиеленуші Аяз-атаға хат жолдады. Аяз-ата болған, Павлодар қаласының жанашыр тұрғындары еді. Сипатилова Салтанат пен «Жас қанат» ҚБ арқасында, балалардың барлық армандары орындалды. 28 желтоқсан күні, безендірілген залда балалар өз  армандаған сыйлықтарын алып, тәттілер мен жемістер, және де торт таратты.

ФҚ «Арина»-да балаларды ұмытқан жоқ. Олар әр балаға жеке сыйлықтарымен қуантты. Ип «Овчинникова», мерекелік агенттік «Праздник»  жаңа жылдық костюмдер мен сыйлықтарын табыс етті.

Осымен жаңа жылдық құттықтаулар бітпейді. Қысқы демалыстар кезінде балалар Чехов атындағы драмма театрына барып келді. «Шымыр» бассейіні, балалар ауылыныдағы мерекелер. Барлығына біздің балаларға жаңа жылдық ғажайып сыйлағандарыңызға рахмет айтамыз. 

Ұқсас жаңалықтар