Павлодар облысының тарихи тұлғалары

Көру: 497

Павлодар облысының тарихи тұлғалары Павлодар облысының тарихи тұлғалары

2018 жылдың 15 қаңтарында «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ акт залында Павлодар облысына 80 жыл мерейтойына байланысты  «Павлодар облысының  тарихи тұлғалары» атты тәрбиеленушілерге тәрбие сағаты өткізілді. Жоғарғы сынып тәрбиеленушілері: Ермоленко Галя, Чупина Света, Долинский Илья, Беркутов Нурканат Павлодар облысының атақты тұлғалары жайлы, олар: Мұса Шорманов, Машһүр Жүсіп Көпеев, Естай Беркембаев және Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы қысқаша ақпарат дайындады. Бұхар Жырау шығармашылығымен музыкалық жетекші Е.В.Потанина таныстырып өтті. Әрбір сөйлеген сөзі фотосуреттерден тұратын презентациямен ілесті. Осыған қоса акт залында әдебиет көрмесі, Павлодар облысының атақты тұлғаларының портреттері мен өмірбаяны жайлы көрмесі дайындалды.

Материалды бекіту мақсатында үйлерде «Атақты адамдардың шежіресі», «Біздің өлке, менің қалам», Машһүр Жүсіп Көпеев 160 жыл», «Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы» атты тәрбие жұмыстары өткізілді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар