«Басты әндер» ән сайысы

Көру: 252

«Басты әндер» ән сайысы «Басты әндер» ән сайысы

8 ақпан 2017 жылы Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» декадасының өтуі аясында үйлер арасында «Басты әндер» сайысы болды. Әр отбасы сайысқа дайындық кезінде бірінші бөлімге достық, қуаныш, мейірімділік туралы 9 ән жаттау керек болатын. Шараға екі күн қалғанда әр отбасынан бір өкіл кезек алу арқылы ән нөмірі мен орындау кезегін білді. Екінші бөлімде көрініс дайындау керек болды, және отбасынан әнге дайындалған өкіл мәліметтерін дайындау.

        Міне, өз әндерін орындайтын уақыт келді. Сайыс қорытындысына сай ең шығармашыл отбасы «Бақыт»отбасы болып танылды, екінші орында – «Айголек» отбасы, үшінші орында – «Балдаурен» отбасы. Қалған қатысушылар «Ең тату отбасы», «Ең талантты отбасы», «Ең харизмалы отбасы», «Ең әнші отбасы» номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды. 

Ұқсас жаңалықтар