«Үздік тәрбиеленуші» жобасының қорытындысы өтті

Көру: 170

«Үздік тәрбиеленуші» жобасының қорытындысы өтті «Үздік тәрбиеленуші» жобасының қорытындысы өтті

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жыл сайын «Үздік тәрбиеленуші» жобасы өтеді.

Балалар ауылында тәрбиеленушілер 9 үйде тәрбиеші-анамен бірге тұрады. Тоғыз үйдің әрбіреуі отбасы кеңесінде «Үздік тәрбиеленуші» атағына кімнің лайықты екенін анықтайды. 9 үміткердің барлығы «Үздік тәрбиеленуші» атағына неге лайықтымын деген тақырыпта эссе жазып, ішіне өзінің бір жылдық жетістіктерін көрсетеді.

Әрбіреуі өзінің жазған эссесін қорғап, неге «Үздік» деген атқа лайық екенін түсіндіреді. Осы жылы өз отбасыларында үздік тәрбиеші: Әділ Б., Артем Г., Надя П., Марзия С., Виктор В., Азиза С., Кристина С., Света К., Нуржайна Б. болды, сонымен балалар ауылының «Үздік тәрбиеленушісі» Карина Г. болды.

    Қолдау мен марапаттау үшін тәрбиеленушілер Батырмол ойын-сауық орталығында орналасқан «Southern Fried Chicken» ресторанына барып жақсы көңілмен тамақтанып әңгімелесіп қайтты. Сонымен қатар үлкен экранда мультфильмді тамашалаумен «Festival cinema» кинотеатрына барды. Бұл күн қуаныш пен жарқын сәттерге толы болды, балаларға қатты ұнады.  

Ұқсас жаңалықтар