Сот төрайымымен кездесу

Көру: 195

 Сот төрайымымен кездесу  Сот төрайымымен кездесу

10 қаңтар күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының кітапханасында арнайы район аралық кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ісін қарайтын сот төрайымы Иванова Марина Анатольевна үлкен сынып балаларымен кездесу өткізді. Басында Марина Анатольевна балаларды «сот», «заңгер», «қорғаушы» мамндықтарымен таныстырды, ол мамандықтарды қалай алу керектігін айтып берді. Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексымен, Қазақстан Республикасы балалардың құқығын қорғау Заңымен таныстырды, сонымен қатар шынайы өмірде кездескен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді. Кездесу қызықты өтті, балалар сұрақтарын қойып, тиісінше жауап алып жатты. Аталған кездесу әлі талай тақырыптарда болады деген үміттеміз, қайта кезедсуді асыға күтеміз.

Ұқсас жаңалықтар