«Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым»

Көру: 327

«Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым» «Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым»

30 желтоқсан күні жиын залына балалар ауылының тәрбиеленушілері жиналып «Әтеш жылына жаңа жылдық қойылым» көрсетілімін қойды.

Балалар аталған қойылымға үлкен ынтамен дайындалды:  дайындықтан қалмады, өздері ойнайтын бейненің киімдерін ретке келтірді, рөлдерін жаттады, сахнада дайындалды. Ертегінің айтулы әртістерімен бірге би мен ән орындаушылары да дайындалды. Періште бейнесінде Бекирова Лена, «Зимняя сказка» әнін жоғары деңгейде орындады, оның «сиқыр таяғының» әр сермеуімен келесі жаңа жылдық нөмір орындалды.

Мерекеге әртүрлі қонақтар келді: мейірімді Кикиморалар ойындарымен, жарыстарымен көрермендерді таң-тамаша қылды, Жалмауыз Кемпір мен өлмейтін адам екеуі биімен таңқалдырды. Ал Аяз Ата мен Қарша қыз бір баланы да назардан тыс қалдырған жоқ. Үйге кіретін Кузя әрбір үйге мейірім мен табыс тіледі.

Өзінің әртістігімен және мәнерлі орындауымен барлық көрермендерді Ленчин Камиль – қойылымның ең кішкентай әртісі, келер жыл әтештің бейнесін көрсетіп баурап алды. Мерекенің аяғында кішкентай балалар жаңа жылдық тақпақтар орындап, әндер айтты.

Ұқсас жаңалықтар