EXPO – 2017 көрмесіне алғашқы билеттер

Көру: 301

EXPO – 2017 көрмесіне алғашқы билеттер EXPO – 2017 көрмесіне алғашқы билеттер

Жаңа жылдық мереке аясында 23 желтоқсан күні балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық құттықтауларымен Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі қонаққа келді.

Мерекелік қонаққа көптен күткен жаңа жылдық аяз ата мен қарша қыз да келді. Балалар тақпақтар айтып аяз атадан сыйлықтар – жұмсақ ойыншықтар, кітаптар, үстел үстілікойындарға арналған  құралдар алды. Бірақ ең басты сыйлық Астана қаласына Экспо 2017 көрмесіне 15 билет болды. Балалар сыйлыққа қатты қуанды, оларда енді бүкіл әлемдік көрмеге барып өз көздерімен көруге мүмкіндік пайда болды. Мерекенің аяғында балалар келген қонақтарға алғыстарын білдірді, оларға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын беріп, келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. 

Ұқсас жаңалықтар