«Болашақ» еріктілер орталығы – «2016 жылдың үздік еріктілер ұйымы»

Көру: 537

«Болашақ» еріктілер орталығы – «2016 жылдың үздік еріктілер ұйымы»

22 қараша 2016 ж. күні Астана қаласында Ұлт Көшбасшысы кітапханасында «2016 жылдың үздік еріктілері» Республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды. Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Болашақ» еріктілер орталығы «Үздік еріктілер ұйымы» номинациясында бірінші жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасының дін істері мен азаматтық қоғам министрі Ермекбаев Нурлан Байұзақұлы дипломмен, алғыс хатпен және 50 мың теңгеге сертификатпен марапаттады. Сонымен қатар Тұңғыш Президент кітапханасынан да сыйлық болды, ол – «Біздің Президент» кітабы.

Аталған жеңіс балалардың болашақта мейірімді де қайырымдылық істер жасауға себеп болды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар