«Ризашылық» алғыс білдіру күні.

Көру: 506

«Ризашылық» алғыс білдіру күні. «Ризашылық» алғыс білдіру күні.

24 қараша 2016 жылы Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында алғыс білдіру мерекесіне орай  қайырымдылық «Ризашылық» концерті болды. Үлкендер мен балалар үшін бұл мереке көптен күткен және келген қонақтар: Сыздыкова Анара Куанышевна, Сыздыков Нурлан Армишевич («Казэнергокабель» АҚ), Сипатилова Салтанат Муратовна және Русскких Елена («Жас қанат» қоғғамдық фонды), Махамбетова Гульнара Икытаевна, Мешитбаева Гульмира Айтжановна және Жангазинов Қуат Сейтмуханович (Б.Ахметоа атындағы Павлодар мемлекеттік колледжі) үшін жүрекке жылы мереке.

Көптен күткен мерекенің символы бала күлкісі әуені мен мерекелік безендірілген зал болды. Алғыс білдіру күні балалар тәтті торттан бастап велосипедке дейін сыйлықтар алды.

Хореограф үйірмесінің бишілер ұжымы «Сенсация», «Маленький принц» және «Месяц» жаңа билерін де үйреніп үлгеріпті. Балалар махаббат, мейірімділік пен қуаныш туралы өлең шумақтарын мәнерлер оқыды. Сонымен қатар Отан туралы да өлең жолдары оқылып жатты. Мереке соңында тәрбиеленушілер ерекше махаббат пен құрметпен өз қолдарынан жасаған алғыс білдірулерін тәрбиешілерге, келген қонақтарға, залдағы бар адамдарға сыйға тартты. Әр алғыс білдіруші балалардың мейірімді сөздерін, қуаныш пен алғыстарының куәсі.

Сонымен қатар мерекеде балалар ауылының «Сау отбасы» және «Бизнес отбасы» жобаларының дәстүрлі түрде қорытындысын шығарды. Жыл қорытындысына сай «Сау отбасы» жобасының бірінші орын иегері – «Нұр» отбасы, екінші орын – «Балдаурен» отбасы, үшінші орын «Бота» отбасы болды. Жеңімпаздар велосипед пен «Казэнергокабель» АҚ алып келген доптармен марапатталды. «Бизнес отбасы» жобасында бірінші орынды «Нур» отбасы, екінші орынды «Бота», үшінші орынды «Айгөлек» отбасы иемденді. Жеңімпаздар «Антошка» берген велосипедтермен және бірінші орын ноутбукпен марапатталды.

         Мереке балалар өздерінің ойларымен алмасып, алғыс білдіруге байланысты мейірімді тілектерімен ой бөлісетін, өмір мен білімін жетілдіруге қажет ақпарат беретін, мейірімділік пен қуаныш толы отбасылық кешкі аспен аяқталады. 

Ұқсас жаңалықтар