«Шебер қолдар» шеберхана үйірмесінің көрмесі

Көру: 456

«Шебер қолдар» шеберхана үйірмесінің көрмесі «Шебер қолдар» шеберхана үйірмесінің көрмесі

18 қараша 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылыныңң ашылуына 7 жыл толуына орай қосымша білім беру педагогы Мусаев Ерболат Қабдоллаұлының жетекшілігімен ағаш және темірден жасалған мүсіндер көрмесі болып өтті.

«Шебер қолдар» үйірмесінің 3 жылдан бергі жұмысының арқасында балалар қажетті құралдарды қолданып, жасайтын мүсінді кескіндеп дәлдеп өлшеп, ағашпен жұмыс жасауға үйренді.

Шеберхананың босағасында таң атқаннан бері балалар ауылының тұрғындары мүсіндерді көруге жиналды.

Ертедегі әскери қару коллекциясы көрменің ерекше мақтауға тұратын аты болды. Лак пен сырдың иісінің өзі жұмыстың балғындығын білдіріп тұрды.

Ерекше назар аударылған жұмыстар Галиев Тимур мен Галиев Андрейдің (садақ, жебе, сандықтар) жасаған кескіндері. Викинг жебесі мен садағының авторы Стяжкин Степан, Ленчин Евгений, Марущак Александр келушілердің жылы лебіздерімен белгіленді. Орындықтар балалар ауылының кішкентай бүлдіршіндерінің назарына ілінді. Үлкендер осы аяз қыс уақытында таптырмайтын құрал күректің сапасына баға берді. Келушілердің көбі түрлі көлемдегі сандықтар коллекциясының сапасы мен қолайлылығына мән берді.

«Шебер қолдар» үйірмесінің күзгі көрмесі  – шығармашылық ойлардың, шабыттың, тосын сыйлар мен күтпеген ашылулардың бай қоры!

 

                 

Ұқсас жаңалықтар