Біз «Үздік ерікті – 2016» Республикалық конкурсының жеңімпаздары!

Көру: 259

Біз «Үздік ерікті – 2016» Республикалық конкурсының жеңімпаздары!

«Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ «Болашақ» еріктілер орталығы «Үздік еріктілер ұйымы» номинациясы бойынша Халықаралық еріктілер күніне арналған «Жыл еріктісі - 2016» жыл сайынғы жүлдеге қатысты.

Қатысу үшін өзінің жетістіктері мен іске асырылған жобаларды көрсету керек, мұндай жобалар біздің тәрбиеленушілерімізде аз емес – ол: Афанасьев В.Б., Неустроева Н.И., Николаева О.Т., Шанов И.М. зейнеткерлерге көрсетілген еңбек десанты;  «Павлодар облысы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі сауықтыру-әлеуметтік мекеме» КММ қайырымдылық концерттері; «Мейірімділік – адамгершіліктің бастауы» облыстық форумына қатысуы; «Үздік еріктілер жасағы» облыстық конкурсына қатысу; Кенжекөл ауылында жеңіс алаңына жөндеу жұмыстарын жасау; Неустроева Н.И. зейнеткердің үйінің сыртына жасалған жөндеу жұмыстары; «Мейірімді істер» акциясы; Кенжекөл және Байдала ауылының «соғыс балалары» санатын және мүгедек зейнеткерлерді Ұлы Отан жеңісімен құттықтау; «Әскер ботқасы» қалалық фестиваліне қатысу; «Мейірімділік апталығы» акциясы; «Мейірімділік жаса» акциясы және мерекелік концертті өткізу Кенжекөл ауылының зейеткерлеріне Қарттар күніне арнап 40 азық-түлік жиынын тапсыру.

Өтінім жіберіп барлығы қорытындысын асыға күтті. 16 қараша күні біздің «Болашақ» еріктілер орталығы «Үздік ерікті - 2016» Республикалық конкурсында бірінші орын иеленді. Алда 50 мың теңгеден тұратын жүлде қоры мен марапаттауды алу үшін Астана қаласына жол күтіп тұр. Біздің еріктілер орталығы жаңа жетістіктер мен істерге дайын. Жаңа жеңістер мен жетістік тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар