«Қамқоршылар күні»

Көру: 492

«Қамқоршылар күні» «Қамқоршылар күні»

28 қазан 2016 ж. Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы таңертеңнен бастап қонақтарды күтті. Бұл күні жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз қамқорлығына алған азаматтарға арналған «Алақандағы жүрек» атты концерттік бағдарлама болы. Бұл қасында түрлі себептермен ата-анаары жоқ балаларды тәрбиелеуді өз жауапкершілігіне алған ата-аналар үшін ерекше мереке.

Концерттың ашылуы «Кішкентай ханзада» би номерінен басталды, одан кейін балалар қонақтарға көгершін пішінді естелік сыйлады. Бекирова Елена «Мама», Слюсарь Лизавета «Хорошее настроение» және Слюсарь Кристина «Радость, привет» әнін орындады. Орта және жоғары «Джас дэнс» би тобы ұлттық нақышта  «Сүгір» және «Ізін көрем» әніне биледі. Мерекелік кештің соңында достық пен мейірбандық кепілінде Дамир мен Зарина Балапановтар «Дастархан» әнін шырқады.

Мерекелік кештің құрметіне қамқорлыққа алған ата-аналарға «Поступок», «Надежда», «Выбор», «Призвание» номинациялары берілді. Мейірімді жүректерден, өз қамқорлығына алған ата-аналардан, дәстүрлі мерекені ұйымдастырып өткізіп жатқан үшін алғыс пен жақсы сөздер келіп жатты. Мереке жалпы фотосуретке түсумен аяқталды. 

 

 

Ұқсас жаңалықтар