«Интернатты мекемелер аясында асырап алған отбасылар жұмысын дайындау, ұйымдастыру қызметі» семинар тренингін өткізу.

Көру: 394

«Интернатты мекемелер аясында асырап алған отбасылар жұмысын дайындау, ұйымдастыру қызметі» семинар тренингін өткізу. «Интернатты мекемелер аясында асырап алған отбасылар жұмысын дайындау, ұйымдастыру қызметі» семинар тренингін өткізу.

29-30 қыркүйек 2016 ж. Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында қызметкерлерге арналған «Интернатты мекемелер аясында асырап алған отбасылар жұмысын дайындау, ұйымдастыру қызметі» тақырыбында оқыту семинар тренингі өтті. Тренингтің ұйымдастырушы жүргізушілері – әдіскер Литвиненко К.О., тәрбиеші-ана Капенова Б.Х., тәрбиеші Ильясова Е.М., және Смайлханова А.К., осыған дейін «Ана үйі» қоғамдық фонды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау Комитетінің үш күндік семинра-тренингіне қатысқан педагогтар.

Тренинг жүргізу барысында педагогтар асырап алған ата-аналар мектебімен танысты, сонымен қатар жаңа отбасыға бала қалай бейімделіп жатқанынан да хабардар болды, «бауыр басушылық» сөз тіркесінің мағынасын кеңінен түсінді, баланы асырап алудағы қатер мен жетістіктер де тізіп айтылды. Оған қоса теория тұрғысынан бөлек қатысушылар бауыыр басушылықтың салдарын ұғынған және барлығына керек болып тұра ешкімге керексіз болып қалуды ұғынған тренингті жаттығулар жасалды.

       Семинар аяғында қатысушылар электрондық түрде тарату мәліметтерін алды, қорытындысында қатысушылар оқығандығын растайтын сертификаттармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар