Қарттар күні құтты болсын!

Көру: 409

Қарттар күні құтты болсын! Қарттар күні құтты болсын!

Өткен қыркүйек айының соңғы күні жиын залында «Ұлы дала елі – Тәуелсіз қазақстан!» атты  қарттар күні мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт өтті. Мерекені тойлау аясында Кенжекөл ауылының зейнеткерлері мен еңбек ерлері, балалар ауылының зейнеткерлері келді.

Концертте әртүрлі жас ерекшелігіндегі балалар өз өнерлерін көрсетті. Репертуар ерекше болды. Ана, күз, арман, бақытты өмір, қуаныш пен қонақжайлылық туралы әндерді осыған ұқсас балалар ауылының өмірінен алынған слайдтар жетектеп тұрды.

Мерекені жоғары және орта би топтары қазақша заманауи үлгідегі бимен жайнатып жіберді. Жанып-өшкен шамдар олардың биіне жан кіргізгендей болды.

Балалар ауылының басшысы Темирханова Д.Ж. келген қонақтарды балалар ауылындағы үлкен және кіші ұжымның атынан құттықтады. Тәрбиеленуші-волонтерлердің жұмыс қорытындысымен таныстырып, «Мейірімділік апталығында», «Болашақ еріктілер орталығымен» жасалған істердің де біразын тілге тиек етті. Балапанов Дамир мен Заринаның орындауындағы «Дастархан» әні келегн қонақтардың жүрегінен шығып, олар билеп көңілдерін көтерді. Мереке бірлесіп суретке түсумен аяқталды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар