Ата - ана құқығын қалпына келтірудегі ауыр жол

Көру: 697

Ата - ана құқығын қалпына келтірудегі ауыр жол Ата - ана құқығын қалпына келтірудегі ауыр жол

Бала үшін не маңызды? Отбасы, көңіл бөлу, жақындарының махаббаты. Өкінішке орай балаларға жылу сыйлай алмайтын ата-аналар да бар.  Олардың санын қалай азайтуға болады ата-аналарға қандай көмек көрсетуге болады 29 қыркүйек күні Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Жанұя» отбасын қолдау қызметі аясында өткен дөңгелек үстелде әртүрлі себеппен балалары балалар үйінде қалған адамдардың ата-ана құқықтарын қалпына келтіру сұрақтары негізгі мәселе ретінде талқыланды. Келген ата-ананың барлығын бір ғана тілек қосты, ол – өз балаларын туған үйлеріне қайтару. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар Павлодар қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі арнайы соттың сот орындаушысы Иванова Марина Анатольевна және Ахметбекова Махаббат Мейрамовна, Павлодар қаласының қамқорлыққа алу және асырап алу секторының меңгерушісі Темирбулатова Орынбасар Нажмиденовна, Павлодар қаласы прокуратура бөлімінің жоғары прокуроры Туякбаева Гульжан Абжанбаровнадан психологиялық, педагогикалық, заң құқықтық кеңестер алды. Дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер ата-ана құқықтарын қалпына келтіре алмай жүрген талай ата-анаға көмек бере алды деп ойлаймыз. 

Ұқсас жаңалықтар