«Мейірімді істер апталығы»

Көру: 549

«Мейірімді істер апталығы» «Мейірімді істер апталығы»

«Балақай» сауықтыру демалысынан келгеннен кейін Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының «Болашақ» орталығының жас еріктілер қоғамы  жаңа күшпен «Мейірімді істер» жасауға қайта кірісті.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мейірімді істер апталығы» өтуде. 

Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 9 отбасы тұрып жатыр. Әр отбасы өздерінің «Мейірімді істерін» жүзеге асыруға уақыт таңдап қойды. 22-26 тамыз аралығында еріктілер қолдарына құралдарын алып Кенжекөл ауылындағы жалғыз басты зейнеткер қарттарға көмек көрсетті. «Болашақ» орталығының еріктілер тобы бір көргенде кішкентай бірақ кейбір адамдарға күш пен қуатты талап ететін материалды мәселелерді шешуге көмектесті.

Еріктілер тобы Ұлы Отан Соғысының ардагері Буркутбаев Камалиген қарияға сыртқы жөндеу жұмыстарын жасауға, Кунанбаева Берик Ислямовна зейнеткерге сырлау жұмыстарын жасауға көмек қолдарын созып, Балтабаева Закрия Манаповна зейнеткердің есік алдындағы қоқысын тазалап, қақпасын сырлап, үйінің жан-жағын қоршады, Гульбаршын Каримовнаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сырлауға көмектесті. Жас еріктілер қоғамында өздері жасаған жұмыстан көптеген жағымды таңданыстар туды, ең бағалы сыйлықтар алғыс сөздер мен мейірімді тілектер болып шықты. 

Ұқсас жаңалықтар