«Шақырылған кешкі ас» жобасының 3 кезеңі өз мәресіне жетті

Көру: 1302

«Шақырылған кешкі ас» жобасының 3 кезеңі өз мәресіне жетті «Шақырылған кешкі ас» жобасының 3 кезеңі өз мәресіне жетті

«Шақырылған кешкі ас» жобасының үшінші кезеңі 25 мамырда болды. Бұл кезең «Кәуап күні» деп аталды. Балалар ауылының тәрбиеленушілері кәуап дайындауды үйреніп, таза ауада отырыс жасағанда жөн көрді. Аталған кезеңде қатысушылар балғын көкөніс жемістерінен кесіп, кәуап және суға піскен картоп, дәмдеуіш жасады. Бұл кезеңнің мақсаты балаларды таза ауаға демалуға шыққанда азық-түлікті дұрыс таңдауға, мангалда етті қалай пісіруге, көкөніс жемістерінің үйлесім табуына, мерекелік үстел жасауға үйрету болып табылады.

23 мамырда үшінші кезеңде «Караван» сауда дүкеніне 50000 сомма теңгеге үнемдеу мақсатында барлық қатысушыларға ет (тауық еті), лаваш, ішетін су, жақпа көмір алуға барды. Барлық қатысушылар әрқайсысына 2000 теңге көлемде ақшаға көкөніс кесіндісіне, кәуапты маринадтауға арналған дәмдеуіш алды.

24 мамырда балаларға ең көп таралған таза ауада демалу тағамының тарихы айтылып, олар кәуап дайындауда үлгі алды. Сонымен қатар осы кезде балалар етті қалай бөлу керек, оған дәмдеуіш қалай қосу керек және оны қалай дайындау керектігін үйренді.

Балалар бұл күнге қуана дайындалды және осы көптен күткен «Кәуап күнінің» келуін асыға күтті. Таң атқаннан бастап балалар өз демалыстарының қай жерде өтетінін, кәуапты қайда дайындайтындарын ойластырды. Балалар үстелдің әдемі болуына да назар салды. Олар оған майлықтар мен ыдыс та таңдады. Қатысушыларды бағалауға: «Шымыр» бассейнінің директоры Д.А.Узаков, ауған ардагерлер одағының өкілдері Ю.А.Оганисян, М.К.Исенов шақыртылды.

Үш кезеңнің қорытындысына сай жеңімпаз Балапанов Дамир, бірінші орын Чупин Алексей, екінші орын Бубеков Виктор және Шнейгербергер Вадим, үшінші орынды Марущак Александр мен Бекирова Ангелина өзара бөлісті. «Батыр молл» сауда орталығынан киім алу үшін  барлық қатысушылар 4-тен 20 мыңға дейін ақшалай соммамен марапатталды. Құттықтаймыз!

                                                                                    

 

 

Ұқсас жаңалықтар