Отбасы мерекесі – Қуан, Сәби!

Көру: 1269

Отбасы мерекесі – Қуан, Сәби! Отбасы мерекесі – Қуан, Сәби!

13 мамыр 2016 жылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында отбасы мерекесі – қуан, сәби өтті. Тәрбиеленушілермен кездесуге потенциалды және асырап алушы ата-аналар, патронатты ата-аналар келді.

Мерекеге құқығын қалпына келтіру үшін ұзақ жолдан өтіп келе жатқан Иконников Вованың анасы Иконникова Н.В. қатысты. Сонымен қатар Кискина Наталья мен Сашаның потенциалды анасы К.Х.Шыныбаева да келді. Балалардың көздеріне қуаныш ұялады.

Балалар осы кешке ең үздік мерекелік нөмірлер дайындады. Кішкентай және орта топ балалар ауылының әнұранына «Қалай бақытты болуға болады» атты көрініс дайындады, қонақтар балалар ауылының өмірі туралы слайд-шоу көрді, Баранчукова Виктория «Мама» әнін орындады, Флекман Богдан флейтада ойнады. Орта би тобы «Кукушка» биін, жоғарғы би тобы «Шашу» биін биледі, оқушылар ана, отбасы, мейірімділік туралы тақпақтар оқыды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар