«Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі

Көру: 1070

«Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі «Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі

5 мамырда «Шақырылған кешкі ас» жобасының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған кезеңде қатысушылар 5000 теңгеге барлық отбасына тағам дайындауы керек болатын. Ол үшін тәрбиеленушілер Қазақстан халықтары бірлігі күні қарсаңында өткізіліп отырған жобаға керек тағамдардың бағаларын танып сатып алу үшін 4-5 мамырда «Smаll» сауда үйіне барды. Әділ-қазы ретінде Кенжекөл музыка мектебінің өкілдері келді.

Басты кезеңде әр отбасы өздеріне қай ұлттың тағамын дайындайтынын таңдады. Ұсынылған асханалар: орыс, белорусс, украина, грузия, татарстан, башқұрт және неміс елдерінің тағамдары. Қатысушылар шығармашыл түрде үстелді көркемдеп, қонақтарын күтіп алу үшін шағын нөмірлер дайындады. Ас мәзірі бойынша өздерінің ұлттық тағамдарын қорғады.

        Әділ-қазы шешімімен 1 орынды «Болашақ», «Бота» және «Шығармашылық үйі» алды. 2 орын «Бақыт», 3 орын «Балауса», «Балдаурен», 4 орын «Нур» отбасы алды. Мамыр айының аяғында соңғы кезеңі өтеді. Қатысушыларға сәттілік тілейміз. 

Ұқсас жаңалықтар