Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу

Көру: 395

Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеу

Мамыр айының бірінші күні ең жарқын және мейірім төккен мереке – Қазақстан халықтарының бірлігі күні тойланды. Бұл мереке мемлекеттің тұрақты өмірі үшін аса қажет достық, бейбітшілік, келісім мейрамы. Жиын залында 1 мамырға арналған «Біздің еліміз» атты мерекелік кеш өтті. Бұл кеште тәрбиеленушілер көптеген өзге ұлттардың шығармашылығын сомдады – би, ән, өлең оқыды. Мерекеге «Пища жизни» қоғамдық фонды шақыртылып, балаларға жеміс-жидектер алып келді.

     1 мамыр күні балалар ауылының тәрбиеленушілері Кенжекөл ауылына мерекелік концертте өз құрбы-құрдастарының ән айтып, би билегенін тамашалауға барды. Қазақстан ұлттарының бірлігі күнін мерекелеуде Павлодар қаласының байкерлері балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін қамқорлық акциясын өткізді. Мереке аясында байкерлер балаларға берцы, тәтті тағамдар мен ойыншықтар сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар