Облыстық кітапханада қонақта

Көру: 590

Облыстық кітапханада қонақта Облыстық кітапханада қонақта

Халықаралық балалар кітаптары аясында 05 сәуір 2016 жылы балалар ауылының бастауыш сынып оқушылары С.М.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар бөлімін аралады. Балалар «Көк чемоданның Павлодар бойынша саяхаттауы» ойынына «Кітап – қуану үшін, оқу – рахат үшін» ұранымен қатысты. Олар ең көп оқылған қазақ, орыс, шет ел жазушыларының балаларға арналған 30 кітабымен танысты. Балалар «Ұмтылған дүниелердің жәшігі» ойынында ұмытып қалған ертегі бейнелерін естеріне түсіруге тырысты, ертегі кейіпкерлері туралы айтты, жаңа кітаптарды көрді. Қоштасарда кітапхана мамандары балаларға ойыншықтар мен тәттілер сыйлады. Тәрбиеленушілер мамандарға сыйлықтар мен іс-шара үшін алғыстарын білдірді. 

Ұқсас жаңалықтар