Наурыз мейрамы - 2016

Көру: 468

Наурыз мейрамы - 2016 Наурыз мейрамы - 2016

17 және 18 наурыз күндері «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-де Тәуелсіздіктің 25-жылдығына және «Мәңгілік ел» идеясына байланысты наурыз мейрамы өтті. Мейрам 2 кезеңге бөлінді.

17 наурыз күні  «Отбасым- киелі шаңырағым!» атты 1-кезең басталды.Бұл кезеңде әр отбасы қазақ халқының әдет-ғұрпын немесе салт-дәстүрін театрланған көрініс ретінде көрсетіп, қонақтарды дастархан басына отырғызады.Бұл жерде дастарханның молдығы, қазақ халқының  ұлттық тағамдарының саны және дәмі бағаланды.Әр отбасында өз ауылының атауы болды. Сонымен қоса әр ауыл ән айтып,шашу шашып, дастархан басында бата-тілектер айтылды.Әділ баға берген  қазылар алқасы: Кенжекөл ЖОББМ мен музыкалық мектебінің өкілдері және «Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды.

        18 наурыз күні «Кіл жүйрік,кім жүйрік?» атты 2-кезең басталды.Бұл кезеңде барлық балалар  жеке жеке  қазақ халқының ұлттық ойындарына (тоғыз құмалақ, дойбы, асық ату, қазақша күрес, көтермек, арқан тарту, армрестлинг) белсенді қатысты.Жеңіске жеткен балалар 1,2,3 орындарға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. 

Ұқсас жаңалықтар